Өз еріктеріңмен барып, алданғандарыңа жігітер емес тек өздерің кінәлісіндер
Айналайын қыздар, сіңілдерім өздерің екі қабат болдыңдарма, өздерің сол салмақты да, сынды да көтере біліңдер. Бүгін Атырау және Қызылорда қаласынан танмайтын, әйтеуір бір сылтауы фб сіңіліңіздің бірімін деп хабарласкан қыздарға таңым бар. Жігіт мені алмайды деп өксіп жылайды. Менен не үміт күткенін білмеймін, бірақ жұбату сөзін аяп, есесіне ұрсып бердім. Кішкене болсада ес кірсін, ақыл тоқтатсын деп айқайлап бердім. Жатарда іштегі баланың кінәсі болған жоқ. Ал жүкті болып қалғаныңа бала кінәлі ме? десем үн жок. Тате жігітімді қамап тастау керек. Ол нашар дейді. Мамочки сонда жігіт нашар ал сен періште болған соң төсекте болдың ба? десем тағы үн жоқ. Өлем онда дейді. Әй сіңілдерім-ай, өлу оңай болғанда, қиналғаның бәрі өле берсе не қалады. Ата ана алындағы парыз қайда? Олардың алдындағы қарызды кім өтейді, сен өлсең ештеңе емес, ал іштегі баланы омір сүру құқығынын айыруға ақың жоқ дегенім көл болып жылайды. Ол мені алдады дей береді. Сінілдерім сендерді кім алдасада ол өміріңізге сабақ болсын. Сіздерден өтініш кадамдарыңды аңдап, ойланып барып шешімге келіңдер. Бәрін трагедия қып, өміріңізді драмаға, ал жүрегіңізді жегілей бермеңдер. Алла бір пендеге бала бермей жатса, сіздерге сана бермей жатқандай, сондықтан жігерлі болсаңыздар. Әр қадамдарыңа жауапкершілікпен қарасаныздар. Маған ренжи көрмеңдер сендер екі қабатпын деп хабарласқанда. Ой молодец, қуаныштымын дей алмаймын. Сондыктан әпкелерің ретінде айқайымды кешіріп қойыңдар!!! Жасөспірім болсаныздар корғауға алар едім. Сіздер ересек бастарыңмен ол нәрсемен айналсуға біліп бардыңдар ғой. Сіздерді жігітерің зорласа бір сәрі. Өз еріктеріңмен барып, алданғандарыңа жігітер емес тек өздерің кінәлісіндер. Жігітерде намыс болса қыздарды ренжітіп кетпейді, беті плотно қалың болған соң тряпканың қылығын істейді.
Камиша Есмухамбеткызы
Фейсбуктегі парақшасынан