Сен тұр - мен айтайын!

Өз қандасына бұра тартты. Дұп-дұрыс!

  • Өз қандасына бұра тартты. Дұп-дұрыс!

    Өз қандасына бұра тартты. Дұп-дұрыс!

Осы жазбамды жарияламас бұрын екі күн ойландым. Шын сөзім. Сәрсенбі күні үйіме қайтып бара жатқанмын. Үйім қиыстау, ұзақтау болған соң, іліккен көлікке міне шабасың. Баяғы РАФ-тың қалдығы алдыма тұра қалды. Орыс жігіт екен. Мініп алдым. Жол-жөнекей бір топ адам тоқтатты. Соңғы бір орынға әлігі шопыр қазақ әйелді ысырып, бүрісіп тұрған орыс әйелді отырғызып алды. Аялдамада тұрған жас келіншек маған қарап; "Мынаған көнгенше түсіп қалмайсыздар ма?" деп тіліп түсердей тіл қатты. "Айналайын, тап қазір оны ойлауға мұршам жоқ. Үйіме тезірек жетуім керек?" деумен шектелдім. Жол-жөнекей ал кеп ойлан?! Екі күн ойланғанда түйгенім - орыс жігіттің қаракеті орынды! Кіл қазақтың ортасында бір қандасы бүрісіп тұр. Әлбетте, қандасына тартуы керек?! Оның орнында мен болсам, мен де тап солай етер едім! Жерінде тұрып жатырмын деп қазаққа жалпылдамады. Өз қандасына бұра тартты. Дұп-дұрыс! Осындай қандық қасиет бізде жойылды. Жатқан жалпақ шешейміз. Билік басындағылар әлі күнге орысша маңырайды. Алпауыттар ресей түкіріп тастаған комсомол тойын дабылдата өткізді. Бұның бәрі, қазақтың тектілері қырылып, тексіздер билік басына келіп, бүгінде тексіздердің ұрпағы - "қазанның құлағын ұстаған мүйізділерге" айналған шірік қоғамда өмір сүріп жатқанымызды айғақтап берді! Ал, енді талай беріңдер!..


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1975    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30