Сен тұр - мен айтайын!

Өз-өзіңе күліп тұрғаныңды білесің бе?

  • Өз-өзіңе күліп тұрғаныңды білесің бе?

    Өз-өзіңе күліп тұрғаныңды білесің бе?

Әлдебір фастфуд кафеге кіріп тапсырысымды берген соң: "Сусынға не бар?" дедім ойымда ештеңе жоқ. Тапсырыс қабылдаушы жігіт бетіме сезікті қарап, күліп жіберді. Күлкілі бірдеңе айттым ба деп өзім қуыстанып қалдым.


- Жай күлдіңіз бе?-деген таңырқаулы сұрағыма басын шайқай берді. Күлкісі әлі тиылмаған. Ашуым қыстығып келіп қалды.


- Кімді мазақ етіп тұрсыз?-дедім түсімді суытып. Түрімнің бұзылып кеткенін аңғарып қалған ессіз неме еріксіз езуін жиып:


- Просто қазақша айтқан адамды бірінші рет естіп тұрмын. Бәрі напиток деп сұрайды ғо,-деді ақталғансып.


- Өз-өзіңе күліп тұрғаныңды білесің бе?-дедім одан әрі ызаға булығып.


Гогольді оқымаған білем, ойсыздау басын изеді... 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сенбі, 01.12.2018, 17:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31