Сен тұр - мен айтайын!

Өздері жарымай жүріп, өзгелерге баюдың жолын үйретем деп ақша жинап жүргендерге дауа жоқ

  • Өздері жарымай жүріп, өзгелерге баюдың жолын үйретем деп ақша жинап жүргендерге дауа жоқ

    Өздері жарымай жүріп, өзгелерге баюдың жолын үйретем деп ақша жинап жүргендерге дауа жоқ

Кейбіреулер ақша табудың оңай жолы - семинар-тренинг, мастер-класс өткізу деп санайтын сияқты. Әрине, білімің асып-тасып, қоғамда ірі сұранысқа ие болып, лайықты бағаланып жатса, ондай оқыту түрлерін неге тиімді пайдаланбасқа. Алайда, мұндай бастаманы шала сауаттылар қолға алып жатқаны алаңдатады. Таяуда журналистика мамандығының студенттеріне өткізген кезекті дәрісімнен кейін бір бала сұрақ қойып, мектеп бітірерде өзінің семинар-тренингте алған мәліметін ортаға салды. Дәл сол тақырып бойынша мен талай рет академиялық лекция оқып, БАҚ қызметкерлеріне ертеректе семинар-тренинг те өткізгенмін. 2002 жылы жарыққа шығарған бір оқулығыма да енгені бар еді. Ал, әлгі балаға білім берген тренер ол тақырыпты мүлде кереғар қате түсіндірген. Бәлкім, семинар өткізгіш мырзаның өзі де түсінбеген болса керек. Принциптік, концептуалдық қате дүниелерін бес-он теңге үшін жастарға тықпалауын бұл халтурщиктер қашан қояр екен? Ар-ұятты ойласа ғой.

Ал, енді өздері жарымай жүріп, өзгелерге баюдың жолын үйретем деп ақша жинап, ақыл айтып жүргендерге тіпті, дауа жоқ. Мықты болса, өзі әбден байып алып, семинарлары мен мастер-кластарын тегін өткізе бермей ме екен.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1767    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 13.10.2017, 21:30

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30