Сен тұр - мен айтайын!

Өздеріңіз қандай дарақы болсаңыздар, биліктеріңіз де сондай ғой ...

  • Өздеріңіз қандай дарақы болсаңыздар, биліктеріңіз де сондай ғой ...

    Өздеріңіз қандай дарақы болсаңыздар, биліктеріңіз де сондай ғой ...

Асқар Жұмаділдаев сұқбатында: "Бауырым, мен сені жақсы көремін. Бірақ, сенің той, құдалығыңа барып жүретін уақытым жоқ. Ең маңыздысын айтшы, соған ғана барайын", - деп айтқанын естігем. Той - қазақтарды жақындатады дейді көпшілік. Мүмкін. Бірақ, екінші жағы да бар, той - қазақтың уақыты мен қаржысын аямайды. Ауылдағылармен сөйлессем, бір күн бос уақыттары жоқ. Бір күні келін түсіреді, бір күні қыз ұзатады, бір күні сүндет той, бір күні бәленбай жылдық... Әр тойға апаратын тойананы есептеңізші, бір айда қанша шығын... Сол ақшаны баланы дамытатын түрлі үйірмелерге жұмсаса ғой. Қайдағыыы, өз баласына келгенде аяп қалады. "Ақша жоқ, қалай үйірмеге қатыстырамын?" дейді. Тегін үйірмелерге "уақыт жоқ, кім апарады?" дейді. Тойға баруға уақыт табады. Ал өзің уақыт таппасаң, сол тойға апарған ақшаңа апарып-әкелетін адам жалдап қоюға болады.

Біз жақтың тойында танымайтын адамдар көп болады, алпыс апа, жетпіс жездесін шақыра береді ғой баяғы. Ертең өздері той істесе, "біз де тойына барғанбыз, шақырмасақ ұят" деп шығады. Ең жақын адамдары болмаса, былайғы тойларға ешкім қуанып бармайды. Мойындау керек, ары тартса бері жетпей, бері тартса ары жетпейтін кезде тойға барған не сәні? Өзі жыны кеп барғасын, сол тойды сынамай қайтсін)) Асабасы мен дастарқаны күшті болса, түк таппағасын келіннің көйлегі мен макияжын, прическасын айтып кетеді)) Тойдан келген соң шаршайсың. Өз басым жылына үш рет болатын корпоративканың өзінен өлесі боп шаршап қайтам, ал той туралы айтпай-ақ қояйын))) Той болса, жүз адамнан асатын той жасап керегі жоқ. Біреудің уақытын алып қайтесің? Одан да сол тойға кететін уақытты өзіне арнасын. Кейде қазақтың ғылымда аты озбай жатқанына осы тойдың да әсері бар ма деймін. Той тойлап жүрген адам қалай оқып, қалай жаңалық ашады? Тойдан кейінгі пыш-пыш та адамды ұсақтатып жібереді, нервісіне тиіп. Билік қажеті болсын, болмасын түрлі халықаралық іс-шаралар өткізгіш деп сынайсыздар. Өздеріңіз қандай дарақы болсаңыздар, биліктеріңіз де сондай ғой)))


Жадыра Нармаханова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1584    Пікірлер: 1

бейсенбі, 26.10.2017, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31