Сен тұр - мен айтайын!

Өзімді де сатқын сезініп кеттім...

  • Өзімді де сатқын сезініп кеттім...

    Өзімді де сатқын сезініп кеттім...

Бір туысымыз Америкаға кеткісі келетін. Бала күнгі арманы сол еді. Ақыры қазір жолын тауып, кетуге құжаттарын әзірлеп жүр. Оған не, не отбасы, не жетектеген баласы жоқ. Бірнеше тілде сайрап тұр. АҚШ-та тұратын ортақ танысымыздың шағын бизнесінде жұмыс істеп жан бақпақшы... Сонда тұрақтап қалуды көздейді.


Жақында сол жігіт үйге келді. Шәй үстінде біз де әлденеден түңілгендей "әбден орнығып ал, артыңнан барамыз" деп қойдық.


Сол күні үлкен қызымыз Кәусар ойланып ыдыс жуып тұрды.

- Мама, сонда қалай, кейбіреулер Америкаға кеткісі келіп жүр. Туған елін тастап. Ал қаншама адам, аталарымыз осы елді сақтау үшін жанын қиды ғой. Соның бәрі бекер болғаны ма? - деді.


Қызымның мұңлы түрін көргенде жүрегім шым ете қалды... "Біз де артыңнан барармыз" деп айта салған өзімді де сатқын сезініп кеттім...


Адам туған жерінен неге безеді? Қалай қиып тастап кетеді?.. Жат елдік болсам деген арман ер жігіттің басына қайдан туады?.. Адамды туған еліне тасбауыр қылатын не нәрсе?..


Тағы кеткілеріңіз келіп жүрген қайсыңыз барсыздар?) 


Nazira Bairbek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2505    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31