Сен тұр - мен айтайын!

Өзімізді аямасақ та келешек ұрпақтың обалына қалмауды бір сәт жадымызға түйейік

  • Өзімізді аямасақ та келешек ұрпақтың обалына қалмауды бір сәт жадымызға түйейік

    Өзімізді аямасақ та келешек ұрпақтың обалына қалмауды бір сәт жадымызға түйейік

"Мен - Қазақпын!" - деп кеуде кергенде кереметпіз. Сөйткенмен, сол қазақ ұлтына сатқындық жасап жатқанымызды білеміз бе? "Мен нағыз ұлт жанашырымын!" - дейміз тағы да төсімізді ұрғылап, әйткенмен, ісіміз бен сөзіміз сол ұлтты орға жығуға тым бейім. Неліктен? Сондықтан, біз шикі жаратылған пенделерміз. Шикілігіміз - сөздің парқын түсінбейміз, тілдің қадірін жоғалтып алғанбыз. Нәтижесінде "ғой", "қой" сөздерін "ғо", "қо", "отырмын, жатырмын" сөздерін "отырық, жатырық" деп соға саламыз. Тіпті, "ауызын ашса көмекейі көрінген" дегенді "жүрегі көрінеді" деп әспеттейміз. Осылай ету арқылы қазақ сөзіне қиянат жасағанымызды түсінбейміз. Ал, қиянат жасау - қылмыс. Ендеше, қазақ тілі алдында нағыз қылмыскер екенімізді мойындайық.

Әрине, мен қазіргі тіл оралымындағы кереғар көптеген сөздерді тізбектеуден аулақпын. Оны санасам басымдағы шашым жетпеуі ықтимал. Олай болса, ойланайық, қазақтар! Өзімізді аямасақ та келешек ұрпақтың обалына қалмауды бір сәт жадымызға түйейік. Бәлкім, есіміз кірер...


Төкен Әлжантегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.10.2018, 21:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30