Сен тұр - мен айтайын!

Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы

  • Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы

    Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы

Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне түсу үшін Ерланның басына түскен жайды жалаулатып жатқандар да бар

Өкпесіз қазақ емеспіз, бәріміз де назымызды, кінәмызды таға салуға дайынбыз. Ерлан БІЛӘЛ артымнан ерген інім еді. Өнерге Нарынқолдан өзім жетелеп келіп, бір ай жанымда алып жүріп, даярлап, өзім оқып оқуға түскен монологты жаттатып, институтқа түсуіне септігім тиіп е
ді.


Ауылда менің анамның қолында болды, Әке-шешесімен анам өте жақсы араласты. Пендешілік өкпе айтсам, менікі де бір есекке жүк болады. Тіпті ұстазымыз ТҰҢҒЫШБАЙ ағамыз жайлы да пікіріміз екі бөлек. Бірақ, қызметті берген мен емес, ондай ауыр жүкті арқалап, әкем театрдың басынан сөз асырмайтын талай дүлділінің көңілін тауып, отыз жыл бұрынғы атағының буымен ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей жүретін паңдарының тігісін жатқызып, ғимараттың ыстық-суығын, отын-суын түгендеп жүретін азапты оның өзі де қаламаған шығар.


Отырып алып, шоқ үрлеп, "Тұңғышбайға өстіп еді, өзіне де сол керек!" - дегендер де жүр. Оны Тұңғышбай аға көрсін, естісін дегендей әдейі сілтеме жасай айтып жатқаны да бар. Мен де сол Тұңғышбайдың шәкіртімін. Ұстазымыз бізді біреудің басындағы боқты көрсең байбалам сал деп оқытқан жоқ. Оның бойындағы тектілік, өші кетсе де өрекпи жөнелетін пендешіліктен алыс, ондай лас пиғылдан жоғары. Ұстазымыздың алысар дұшпаны Сіз бен біздің деңгейде де емес!

Төрт құбылаң тең тұрғандай, өнер адамының біріне сөз ерсе, өршелене кеткенді қою керек қой енді. Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы. Жеріңді сатып, бензиніңді қымбаттатқан, мұнайыңды сыртқа сатып, тіліңе қастық жасаған өнерпаз емес. "Жыртық - тесікке күліптінің" кері бұл.

Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды 




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.01.2018, 13:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30