Сен тұр - мен айтайын!

Паразит сөздерге де құлағымыз тосаңсымайтын болған сияқты

  • Паразит сөздерге де құлағымыз тосаңсымайтын болған сияқты

    Паразит сөздерге де құлағымыз тосаңсымайтын болған сияқты

Иә, "Ит жоқта шошқа үреді қорада, ұл жоқта құл жүреді жораға" дей ме қазақ?! Сахна мәдениетінің төмендегені соншалықты бұрынғыдай паразит сөздерге де құлағымыз тосаңсымайтын болған сияқты.


"Бұралқы сөз күлгенге жақсы" дейміз де сөздің шөбі мен шөңгесін араластыра тығындай беретін болғанбыз. Қазір әзіл әлемінде емеурін, тұспал жоқ, бәрі ашық. Итше үріп, әйел киімін киіп байбаламдап жатса да елең еткізер дәнеме таппайсыз.


Әзіл-сықақ қана емес, әндер де сондай. "Құр айғай бақырған, құлаққа ән емес, Өнерсіз шатылған, Жігітке сән емес" депті абыз Абай.


Әзілдің шынайылығы қажет, бірақ сол шынайылықты неге көкбет, айпара әйелден, ынжық еркектен, санасыз ұлдан, тәрбиесіз қыздан іздейміз?! Адам жаманға қарап бой түзей ме, жақсыға қарап бой түзей ме? Жарасымды, сыйластықты көрсете отырып, жаманның орын алмауын неге емеурін арқылы бермеске?!


«Әзіл әлеміндегі» Т.Қабатовтың отбасындағы әкенің рөлі туралы айтқаны: «Біздің бала күнімізде» деп басталады. Әр әзілде мысқалдай салмақ, өзгеге айтар ғибрат болмаса, тыңдарманы болмайтыны, тұшынарлық әңгіме болмасы анық. Ал сахнагеріміздің айтар ғибраты «бүгінгі бала әкеден именбейді, біз бала күнімізде әкең келе жатыр десе ығып, тығылып, әкең ұйықтап қалды десе, жадырап, күліп, ойнап, ас ішіп мәре-сәре болатын едік. Анамыз біздің сөзімізді әкеге, әкеңнің сөзін өзіңе жеткізетін елші еді» дегенге саяды. Еріксіз ойланасың. Сонда нені дәріптеп отырмыз?! Әке мен баланың арасында бір ауыз сұхбат, диалогтың жоқтығын ба? Ер баланың әке ғибратын естімей, тек шешінің тәрбиесімен өсетінін бе? Бала еркелігі мен тентектігін әкеден бұғынып істейтінін бе?


Тек шешенің тәрбиесі мен ықпалын көріп өскен ұлдың сөз бен өсек-аяңға жақын болатыны, ержеткенде ана етегінен оза беріп, әйелінің етегіне оралып, әйелінің ықпалынан аса алмайтын еркек болаты жасырын емес?! Мектептегі мұғалімінің 95 пайызы әйел адам екендігі, сыныбындағы пысықай староста қыздардың тілі мен саусағын безеп ер баланы жасытып, жігерін құм қылатыны және бар. Сонда біздің қоғамдағы ер бала тәрбиесімен кім айналысады?


Егер әкемен арада қарым-қатынас болмаса, әр сөзіне шешесін елші қылып отырса, өнеге қайда ұзайды? Әке дүрдей болған сыртымен, құр доңайбатымен нені таныта алады?! Дәл бұрынғыдай әкеге ере жүріп, мал жайғап, аң аулап түздің ісін қылып жатпаған соң, үйдегі жақыны интернет пен сотка, қала берді шешенің ызыңы болған соң, ер бала тәрбиесі қайда ұзап бара алады? Жоқ әкемен сөйлесу «езбе әңгіме» ғана ма?!


Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» сияқты әңгімелерін пайымдасақ, ер бала өмір сабақтарын, адамгершілік сабақтарын әкеге ере жүріп оқымаушы ма еді?! Әке шаруашылық ісін, кәсібін ұлына мұра қылмаушы ма еді? «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақал осыдан қалмап па еді?!


Әзілкештеріміз ішіп келіп бір күн концерт қоятын әке, одан өте беріп үш күн концерт қоятын шайпау шешені әжуа қылады. Осы күлерлік нәрсе ме?! Ағайын, сіздерді қайдам, мен еш ғибрат таппай дал боламын.


Береке Жұмақаева

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 23:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31