Сен тұр - мен айтайын!

Педофилдердің енегін алып тастап, құлағына ен салып жіберу керек

  • Педофилдердің енегін алып тастап, құлағына ен салып жіберу керек

    Педофилдердің енегін алып тастап, құлағына ен салып жіберу керек

Әр моланың басына барып бір селфилетіп жүрген рухани жаңғырғыштар, мына төмендегі цифрларға бір көз жүгіртіп, көңіл тоқтатыңыздар!


Елімізде ай сайын 100-ден астам әйел, 10-шақты бала зорланады екен. Қоғам белсенділерінің деректеріне сүйенсек, биылғы 9 айда 914 әйел зорланып, 204 әйел зәбір /домогательство/ көріпті. Осы айуандыққа қатысы барлардың жартысынан астамы жауапкершіліктен тайқып кеткен. Неге? Өйткені, заң «слишком гуманный».

Осы 9 айда кәмелетке толмаған 84 бала зорланып, 88-і жыныстық әрекетті бастарынан өткерген, балаларды азғындыққа итермелеген 138 дерек тіркеліпті.

Түсініктірек болу үшін орысша мәтінін де қалдырып қойдым:

"По данным активистов, только за 9 месяцев 2018 года в стране были изнасилованы 914 женщин, в отношении 204-х предпринимались домогательства. Зачастую виновным удается уйти от ответственности. Причиной тому – слишком гуманный закон.

....цифры ужасающие: 84 ребенка изнасилованы в 2018 году, 88 детей пережили действия сексуального характера, зафиксировано ещё 138 случаев развращения малолетних". /ресми басылымнан/

Осы отырған бәріміз осындай қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Балаларын қорғай алмайтын сорлы қоғамға айналдық. Істі осындай деңгейге жеткізген Құқық қорғау органдарының қазіргі басшыларының мынандай статистикадан кейін, өз креслоларында отыруға қақысы бар ма? Моральдық құқы бар ма?

Азаматтар, қоғам белсенділері! Рухани, мәдени шаралар жақсы ғой, бірақ, қоғам ішінен іріп, санасы кері кетіп бара жатқанда әлгіндей тірліктер құтқара ала ма?

Бұл мәселеге келгенде біздің ҚК-тегі баптар, Орталық Азия елдеріндегі ең қауқарсызы екен. Көршілеріміз Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанда зорлыққа қарсы құқықтық іс-қимыл да қатаң әрі тиімді. Қытайда сұраусыз атып тастайтынын айтудың қажеті жоқ шығар...

Ал мына статистикадан кейін, осыны оқып отырғандарыңыз өзіңіздің балаңызға, қыздарыңызға сенімдісіздер ме? Бірігіп қарекет қылайық! Заңды қатайту керек!

Уколмен, дәрімен кастрация деген түк емес. Биыл 1 қаңтардан бастап, педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы Заң күшіне енді. Алайда, күні бүгінге дейін бір де бір қылмыскерге тым болмаса, химиялық «піштірудің» қолданылғанын естімедік, көрмедік. Неге? Балаларымызды, қыздарымызды зорлап жатқан екі аяқты хайуандарды аяп отырмыз ба?

Содан кейін, химиялық кастрация деген түк емес. Екі аяқты хайуанның екінші «басын» уақытша істен шығаратын препарат – ципротерон деп аталады. Оны сотталған адам 10-14 күн сайын өзі келіп салдырып /ектіріп/ тұрауы керек екен. 1 қылмыскерге жылына осындай дәрінің 26-ы керек. Жылына 1 қылмыскерге дәрі егіп отыру үшін шамамен 127 мың теңге жұмсалады екен. Биылға осы мақсатқа бюджеттен 9,6 млн теңге бөлініпті. Қағаз жүзінде бәрі бар. Бәрі қабылданған. Ал неге іс жүзінде осы орындалмады? Неге тым болмаса бар, қабылданған заңды орындауға келгенде солқылдақтық танытып отыр?

Тағы бір мәселе, 1 жыл бойы әлгіндей қаржы жұмсап педофилді дәрілеп отырды делік. Келесі жылы қайтеміз? Мәселен оның бұтындағы «басында» емес, иықтағы басында ғой. Санасын қайтып өзгертпек?

Бұның ең төте жолы кәдімгі айғырды пішкендей, енегін алып тастап, құлағына ен салып жіберу керек. Жұрт білсін ол пішілген екенін! Осыны заңдастырмай, жақсылық жоқ!


Даулетхан Жиенкулов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1914    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.11.2018, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31