Сен тұр - мен айтайын!

Петроглифтер сынып, іргетасқа, тақтатасқа айналып, көлік-көлік боп кетіп жатыр

  • Петроглифтер сынып, іргетасқа, тақтатасқа айналып, көлік-көлік боп кетіп жатыр

    Петроглифтер сынып, іргетасқа, тақтатасқа айналып, көлік-көлік боп кетіп жатыр

Мына ғажапты қараңызшы, Малайсары қыраттарына ұласатын Шолақ таулар сілемі тұтас тұнып тұрған сурет. Археологтар, әуесқойлар тауды барып көрген сайын, әр тасына үңілген сайын қайран қалып жүр. Былтыр, таудың шығысындағы суреттерді академик Марьяшев көріп, "мына жерді зерттеу керек" - деп тамсанып кетіп еді. Үлгермеді, қарт академик көз жұмды. Ал, қазақ ғалымдарынан бұл жерге біреуі аттап баспады. Биыл Ольга Гумирова бастаған топ Шолақтың батыс беткейінен Сақ дәуірінің суреттерін, сурет болғанда да көшпенділер Тәңіріне жүгінген тұстың қалың суреттерін тауыпты. Әріректе сақ қорғандары да бар екен. Алматы-Талдықорған бағытымен жүрсеңіз Арқарлы асуынан өткен шығарсыз, сол асудың оң мен солын алып жатқан аласа таулар кем дегенде 4000 жылдан бері бабаларымыздың тұрағы боп келеді. Бізге жазған хаты бірнеше шақырымдық жықпыл тастарда менмұндалап тұр. Оқитын ғалым жоқ, ой, Алла-ай. Ал суреттер жойылып барады. Жақын маңдағы ауылдың жұмыссыз азаматтары лажсыздан, бала-шағасын асырау үшін таудың тасын талқандап, сатады. Петроглифтер сынып, іргетасқа, тақтатасқа айналып, көлік-көлік боп кетіп жатыр. Мәдениет министрлігі елесе бұл жер туристерді таңдай қақтыратын орын болатын еді. Ұзын шатқалмен, тау ішінде тастағы суреттер галлереясын тамашалап келе жатқаныңызды көзіңізге елестетіңізші! Керемет емес пе?! Тамғалытастан артық болмаса кем емес. Алматыдағы белсенділер сол сұлулықты студенттерге көрсетуді қолға алыпты, ол үшін Ольга Гумироваға рақмет! Жақында Малайсары петроглифтарын тамашалауға бір автобус студент келетін көрінеді! Қарапайым адамдардың арқасында сең қозғалды деп сенейік!



Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30