Сен тұр - мен айтайын!

Поэзияны кеудеден итеріп тастауға бейім тұратын қоғам арсыздықтың мекеніне айналады

  • Поэзияны кеудеден итеріп тастауға бейім тұратын қоғам арсыздықтың мекеніне айналады

    Поэзияны кеудеден итеріп тастауға бейім тұратын қоғам арсыздықтың мекеніне айналады

Поэзияның міндеті тек өлең болып бір кітаптан бір кітапқа көшіп, авторының атымен бірге қыдырып жүру емес, оның міндеті қоғамға қызмет ету. Әрине, қоғамның суын тасып, отын жағу оның қолынан келмейтін шығар, бірақ қоғамның ортасында алысып-жұлысып, қуанып-мұңайып, бір жүгіріп, бір тоқтап толассыз кетіп бара жатқан және келе жатқан мына адамзаттың сұп-суық самарқаулықтан арылып, жаңа идеялар тауып, өлеңнің әр жолындағы оттегіден қуат алып әдемі жүруіне көмектесу – тікелей поэзияның міндеті. Дегенмен, поэзияның сол міндетін дұрыс атқаруына мүмкіндік жасау керек болады. «Сен не білесіңге» салып, поэзияны кеудеден итеріп тастауға бейім тұратын қоғам сатқындық пен көргенсіздіктің, арсыздық пен қаскүнемдіктің, аштық пен жоқшылықтың мекеніне айналады. Дәл осы жағдайды бастан кешіріп жатқан мемлекеттер дәл қазір де бар. Кезінде Наполеон Ішкі істер министрін шақырып алып: «Францияда ақын жоқ деп жүр ғой жұрт. Оған сен не айтасың, министр мырза?» депті. Сонда министр «қылмысты көйбетіп алғаным үшін кешірім сұраймын» депті. Былай қарағанда – поэзия қайда, қылмыс қайда?! Ал Наполеон мен Ішкі істер министрі осы екеуінің арасындағы тікелей байланысты көріп тұрғанына қайран қаласың. 


Оңайгүл Тұржан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 743    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31