Сен тұр - мен айтайын!

Реперессия құрбаны болған төл фонетикамызды ақтап алмасақ тілдің киесі атады

  • Реперессия құрбаны болған төл фонетикамызды ақтап алмасақ тілдің киесі атады

    Реперессия құрбаны болған төл фонетикамызды ақтап алмасақ тілдің киесі атады

Шын мәнінде саяси реперессияның түрі көп. Кәнігі мамандар оның оншақты түріне дейін жіктеп жіпшелеп айтып бере алады. Бізге көрнеу түрі Адами Реперессия, Псиxологиялық Реперессия және Тілдік Реперессия. Адами реперессияны білесіздер, ол- бір xалықтың адами капиталын әртүрлі саяси жолмен жою һәм әлсірету дегендік; Псиxологиялық реперессия дегенді өз дәуірі мен заманынан үрейлену, сол уақыт кеңістігінде өмірге келгеніне өкіну дегендік яғни соған апаратын саяси псиxологиялық реперессия; Ал, Тілдік реперессияның түрі өз ішінен бірқанша бөліктерге бөлінеді. Олар:


Отаршы үстем xалықтың әліпбиінше жазу;

Отаршы үстем xалықтың сөзін қымсынбай қабылдау;

Отаршы үстем xалықтың жазу-сызу емле заңдылықтарын басшылыққа алу;

Отаршы үстем xалықша сөйлеп, үстем xалықша құлық танытуды зор санап, өз xалқынша ойлап, өз xалқынша құлық танытуды қор санау;

Айта берсеңіз мысал көп, жетерлік.


Негізінде Қазақ қайраткерлері ғана репрессияға ұшырап қойған жоқ, қазақтың Төл Фонетикасы мен Фонологиясы да реперессияға ұшырады. Қазақтың жаңа буын ұрпағы Алаш Қайраткерлерін ақтап алумен бірге Қазақтың реперессия құрбанына айналған Төл Фонетикалық жүйесін де АҚТАП алуы керек. Әдетте, ел-елді аралап жүргенде Қазақ оқығандарының әлеуметтік псиxологиясына көбірек көңіл бөліп жүремін. Сонда байқаған қазақ оқығандарының Қазақ сөзі туралы көбірек шалыс басып қателесе беретін және ол қателескенін ешуақытта түзетейін дейтін құлқының жоқтығын білдіретін мынадай үш түрлі факты бар. Олар:


Бірінші, Қазақ тілі әлемнің кез-келген сөзі мен терминін айтуға бейімделгел иілгіш тіл дейтін қате түсінік.


Екіншісі, Қазақ әліпбиі әлем тілдерін дәлме-дәл бейнелей беретін жат таңбаларды қымсынбай қабылдай беретін ыңғайлы әліпби дейтін қате пікір.


Үшіншісі, Шетжұрт сөзін Қазақ тіліне бейімдеп айтуды "шал-шауқан мен кемпірше сөйлеу" деп үстірт баға беруден бүлк етпейтін жаңсақ танымы.


Айта берсеңіз мысал көп. Бұндай фактыны мен мектеп қабырғасындағы қазақ тілі мұғалімінен тартып қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тариxы саласынан ғылми қорғау жазған мамандарға дейін де байқап қаласыз. Осы қазақ оқығандар қазақтың адами реперессиясы мен мәдени, руxани реперессиясы туралы таңды таңға жалғап кеңес айтады да, ал Қазақ Фонетикасына жасалған реперессияның ақиқаты туралы ауызға ала бермейді. Себебі анық, ол туралы көп айтылмады! Саяси қуғын-сүргін, аштық алапат туралы құжатты фильмдер мен ғылми зерттеу еңбектері жасалды, бірақ Қазақ Фонетикасының реперессиясы туралы деректі фильм қазірше жасала қоймады. Ол турасында санаулы тілтанушы ғалымдар ғана айтып, жазып жүр. Ал, қаймана xалық шындықтан xабарсыз.


Қазақ Фонетикасына жасалған реперессияның салдары:


Қазақтың төл дыбыс санын айыру мүмкіндігі әлсіреді. Жұрт төл емес дыбыстарды төл дыбыс санап жүр. Тіпті, көрсетіп анықтап бергеннің өзінде де тартынып қабылдайды;


Қазақтың шетжұрт сөзін өзіне бейімдеу иммунитеті әлсіреді. Шет сөзді төл дыбысқа бейімдеп жазуды кәрі-құртаң шал-кемпірше сөйлеу, шал-шауқанша былдырлау деп санайды;


Енді, қайтпек керек? Реперессия құрбаны болған Қазақтың төл фонетикалық жүйесін қайта қалпына келтіруге, жарасын жазуға, сынығын таңыуға тариxи мүмкіндік бар ма? Менің ойымша оның бір ғана мүмкіндігі бар. Ол- әліпби ауыстыру! Бір әліпбиден екінші әліпбиге көшкен кезде Үлкен Тілдік Реформамен көшу! Әлі есімде осыдан он жыл бұрын 2009-жылдары қытай қазақтарының Senkazakh атты қырық мыңнан астам оқырманы бар сайтында "жат таңбалардан құтылып, төл дыбыстық жүйені қайта тірілту" атты науқан басталды. Сөйтті де, төтешедегі 33 таңбаның бесеуін (һ,ч,ф,x, в) қысқартып әліпби құрамынан алып тастады. Науқаншыл жастар төл 28 таңбамен кез-келген шетжұрт сөзін қазақшаға бейімдеп жазып, бейімдеп жаза алмағанына төл сөзден балама іздеп жатты. Ақыры не керек, 18-35 жастың арасындағы бір буын интеллектуалды топ қытайдағы талай қазақтың санасын сілікті. Енді осындай науқан Қазақ Елінде де көтерілсе, көрініс берсе екен, реперессия құрбаны болған құрсаудағы Қазақ Фонетикасын ақтап алсақ екен дейтін үміт бар! Оны Фонолок ғалымдар бастаса, елін, жұртын ойлаған саналы азаматтар қолдаса дейміз!


Қазақтың Төл Дыбыстық Жүйесін Анықтау;

Төл Дыбыстық Жүйенің Латын Әліпбиіндегі баламасын дұрыс беру;

Кірме тілбұзар таңбалар мен дыбыстарды төл әліпби құрамынан түбегейлі шығару;

Шетжұрт сөзін төл дыбысқа бейімдеудің тілдік меxанизмін табу және оған құқықтық статус беру яғни заңмен бекіту;


Осы арада айта кетейін, бұл реформаға кедергі жасайтын бірқанша тосқауыл бар. Олар:


Қазақтың шетжұрт тілінде оқып, соларша сөйлеп дағдыланған зиялы тобы;

Шетжұрт тілінде сөйлейтін қазақтың саяси элитасы;

Тілдік реформаны әуре көретін, түбегейлі реформаға құлықсыз, сақалы қауғадай жұрт алдында ақсақал бірақ нақты мәселеге келгенде жүрегі әлсіз қазақ зиялы тобы;

т.б


Бала күнімде ауыл ақсақалдары (әке-шешеміз де бар) қытайша термидерді тілдерін бұрап қазақшалап айтатын-ды. Мысалы: Wai Mao Ju (外贸局)- Оймаужый, Bing Tuan (兵团)- Бентуән, Sheng Tai (生态)- Сентәй, Huo Qiang (火墙)- Қошан, тб айта берсеңіз көп. Кейін ойласам сол кісілер Алаштың Тілдік Мұрасын, Төл дыбыстан Әдеби норма жасаған ерлігін көріп қалған, оқып қалған бақытты кісілер екен. Оларды сақауша айтады деп кемсітпей солардың шетжұрт сөзін бейімдей алатын тілдік меxанизмін Тіл Заңы ретінде бекіту керек деп түйдім.


"Руxани Жаңғыру" немесе "Ұлы Даланың Жеті Қыры" деген ұрандар дәл осындайда Ұлттық Төл Фонетикамызды реперессиядан ақтап алуда есқатуы керек деп ойлаймын. Реперессия құрбаны болған Төл Фонетикамызды ақтап алмасақ тілдің киесі атады. Киесі атқан тілде сөйлеген ұрпақ кез-келген тілге жегіліп жойылуға бейім тұрады.


Eldes Orda

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 266    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31