Сен тұр - мен айтайын!

Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейд

  • Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейд

    Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейд

Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейді. Жассың ба, кәрісің бе, бәрібір. Сақалың жоқ па, болды, кемпірбетсің. Алпыстан асқан, жетпіске жеткен кісілерді айтса келісесің ғой. Мына біздей он екіде тоғыз гүлі жаңа ашылып, оныншысы енді ғана қауыз жарғандарға обал емес пе?! Сондықтан мен ойлана келе мынадай ұсыныс жасап отырмын. Кемпірбет деп былш еткізбей, адамның жас мөлшеріне қарай былай мұқатыңыздар:

1. Қыздидар

2. Келінкелбет

3. Қатынбейне

Вот сосын барып төртінші кемпірбет деңдер.

Солар қызық-ей, біз сақалды қойғымыз келмегендіктен өсірмей жүргендей көреді. Шықпаса өлеміз бе. Әлде он-он бес тал қылпықты сорайтып қойып, Іші вирусқа толған бурын усталған сотка сат дей ме... Сәләпидің саны артқаны кімге пайда? Одан көрі xанафилермен ниеттес болып жүре бергеніміз дұрыс емес пе, а? Бұным қалай? Солай достар, көсе болмасақ жарастырып сақал қояр едік. Сөйтіп мына түрімізден жалыққандардың көзінің құрметіне бір жаңалық енгізер едік. Амал не, шықпайды. Ертениеттің мына пыраграммасына да рақмет, арманда кетпей, сақалды болсақ қандай болмағымызды көре кеттік. Құдай бермегенсақалды ектіретіндей еріккен сарт та емеспіз. Бопты жарайды, алдар атымызға көсе сықпыт та керек шығар. Енді қалған алпыс жылды осы түрмен-ақ бірдеңе қылармыз.


Бейбіт Сарыбай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1565    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31