Сен тұр - мен айтайын!

Сары Әулиенің" сеансын - "семинар-тренингке", жасайтын дуасы - "аффирмацияға" ауысқан

  • Сары Әулиенің

    Сары Әулиенің" сеансын - "семинар-тренингке", жасайтын дуасы - "аффирмацияға" ауысқан

 Қазақты аңқау деп жатады, рас па деп қоямын, кейде. 1993 жылы алғаш елге келгенде, мені таң қалдырғаны жұрттың "әулие-әнбие, көріпкел, балгер" атын жамылған неше түрлі алаяқтарға алданып жүргені болды. Солардың ішінде қазір есте қалғаны Сары Әулие деп аталатын Марат шығар. Өзгелері ұмытылды. Әлгі алаяқтардың өткізетін "сеанс" деген бірдемесіне жұрт ақшасын аямай шашып ағылып барып жататын. Сол тұста әлгі "әулиелердің" алаяқ екенін айтқанымда журналист әріптестерімнің өзі ренжіп қалатын. Одан бері де отыздай жыл өтті, қазір ондайларға қазақ қатты сене қоймайды. Бірақ, заманға қарай алаяқтардың айла-тәсілдері де өзгеріп, жетіліп отырады екен ғой. Қазір олар "көріпкел" емес, "психолог" деген заманауи әрі ғылыми атауды иемденіп алған. Бірақ, шын мәнінде кәсіби мамандар да емес. Баяғы сол әуесқойлық. "Сары Әулиенің" сеансын - "семинар-тренинг" алмастырса, жасайтын дуасы - "аффирмацияға" ауысқан. Біршама "ғылымиландырған" түрлері. Ана жолы қалада өткен бір семинар-тренингке әрбірі 30 мың теңгеден төлеп 600-ден астам әйелдің қатысқанын көріп жағамды ұстадым. Не деген аңғалдық десейші. Онымен қоймай әлгі "көсемдер" тағы кітап жазады екен. Парақтап көрсең - күлкің келеді, түкке тұрғысыз бірдемелер. Бірақ, сол кітаптардың бағасы аспандап тұрса да сатып алуға жұрт ақша аямайды екен. Атеистік қоғамнан жаңа формацияға көшкенде қазақ дінді шаманизммен бір, сектамен екі шатастырып қателесіп еді. Енді, алаяқтар мен психологтарды айыра алмай тағы адасып жүр.

Осылай жүре берсе, мына қазақ кешікпей Баян Мақсатқызынан рухани көсем жасап алатын шығар. Оған да таяу секілді. Өйткені, оның кітабы "Меломан" сауда жүйесінде қазақ кітаптар арасынан ең өтімдісі болып тұрған көрінеді.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1066    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.03.2018, 09:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30