Сен тұр - мен айтайын!

Саунадағы қыздармен салыстырсаң мына қыздікі ...

  • Саунадағы қыздармен салыстырсаң мына қыздікі ...

    Саунадағы қыздармен салыстырсаң мына қыздікі ...

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚАРАҒАНДА-23


«Жүз бен жүзді жүзіқара айырады» деуші еді...

Шырын деген балшырын жастағы қыз төстартқышын сыпырып тастап, суретке түсті. Өретүрегелдік. Ерік берсе ғой, ат құйрығына байлап сүйретер едік. Әттең... заң бар. Тісіңді эмалі түскенше қышырлатқаннан басқа еш амал жоқ.

Маған салса, он екі өрім қамшымен жон арқадан тартып-тартып жіберер ме еді? Сыздықтап қан шығар, қызылжоса із қалар. Бірақ, содан ол қыз түзеліп кете ме? Әрине, жоқ! Ерегісе түсіп, одан зорғысын да істеуі кәдік... Ерегіскені сол емес пе, кеше қылымсып тұрып, табан астында құбылып, елге «ортан теректі» көрсетті ғой...

Сауналарда, қонақ үйлердің салулы төсек, салқын бөлмелерінде қаншама сұлуларымыз жүр десеңізші? Үріп ауызға салғандай, үлбіреген. Ойдан-қырдан келгендер қылығына, қызығына тоя алмай жүр. Қоғам соны білмейді емес, біледі. Бірақ, көзбен көрмеген соң, кухняда күңкілдегені болмаса, жарияға келгенде жұмған ауыз ашылмайды. Өйткені, «Ұсталмаған ұры емес» қой... Ал енді осылармен салыстырар болсаң, мына қыздікі «айт пен тойдай» сияқты көрінеді.

Қазір алыста жатып ап, «Қасымов, қайдасың?», «Асанов, аттан!» дегендер көбейді. Оларға салсаң, министр мен прокурор ғана тентек қызды тезге салуы тиіс. Артынан ит қосып елден қуу керек дейді, заңмен қуып, түрмеге тығу керек дейді. Қайтсін-ай енді, қу намыс... ыза деген кемерінен асып-төгіліп жатыр...

Шырынмен шынымен күресу үшін бүгінгі шындықтың бетіне тіке қарау керек шығар. Бақсақ, рухани иммунитетіміз әбден әлсіреген екен: азғынданған ақпараттың ағынына, жауниетті мәдениеттің жойқын күшіне қарсы тұрар қауқар қалмағандай екен.

Заң да керек, дін де керек. Бірақ, әкенің қанымен, ананың сүтімен берілетін қасиет ең алдымен Ұлттық тәрбиенің ұясында уызға жаруы керек-ау. «Ұят болады» мен «Жаныңды шығарамның» арасы алшақтап кеткенде, бүгінгі шындықтың тастандысы - шырындар пайда болып жатқан жоқ па?


Қайрат Абдолла

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 890    Пікірлер: 0

сенбі, 29.12.2018, 22:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31