Сен тұр - мен айтайын!

Сайқымазақ шоуларға сұраныс болмаса, бізде де оларды эфирге шығармайтын еді...

  • Сайқымазақ шоуларға сұраныс болмаса, бізде де оларды эфирге шығармайтын еді...

    Сайқымазақ шоуларға сұраныс болмаса, бізде де оларды эфирге шығармайтын еді...

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында, Голландияның бір телеарнасында реалити шоуды сынақтан өткізіп көрмекші болып, әр сағат сайын тікелей эфирде бөлменің ортасында тұрған бір орындықты көрсетеді. Бір минуттай көрсетеді де, алып тастап отырады. Өзіміз күнде көріп жүрген, әр үйдің төрінде тұратын кәдімгі орындық. Көрермендер таң қалады, бұны бізге неге көрсетіп жатыр деп.. Тіпті, жергілікті басылымдардың біреуінде түк пайдасы жоқ осы шоу туралы шағын мақала да шығады. Көрермендер мен телесыншылар жобаны жасағандарды мазақ қылып, бәрі оларға күле бастайды. Қызық болғанда, әлгі орындықты бір аптадан кейін кішкене қозғайды да, оң жаққа қарай сәл бұрып қояды. «Неге орнынан қозғадыңдар?» деген күбір-күбір сөз шығады бір уақта. Тіпті кейбіреуі орындықты қайтадан орнына апарып қоюды талап ете бастапты. Қып-қызыл айқай-шу, пікірталас басталады. Елдің бәрі орындықтың басында қалай тұрғанын көріп, ол дәл солай «дұрыс» тұруы керек деп ойлай бастаған екен. Бір аптадан кейін орындықты тәулік сайын орнынан қозғап, тағы бір апта өткенде – сағат сайын жылжытыпты. Шоуды көріп отырғандар бір орнында отыра алмай қалып, енді орындықты қалай қарай жылжытатынына дауласа бастайды, кейбірі тіпті бәс тігіп те жібереді. Орындықтың фан-клубтары пайда болады. Бүкіл Голландия сол орындықты ғана талқылауға кірісіп кетеді. Шоудың қалай аяқталғанын гуглен оқып аларсыздар.. Не айтпақшы едім?! Телекеңістіктегі кез келген өнім, тіпті ол осы орындық сияқты түкке пайдасы жоқ нәрсе болсын – уақыт өте келе аудитория жинай бастайды. Арасында тек орнын ауыстырып, арлы-берлі жылжытып, қозғап қойсаңыз болды. Телеэфирдегі дүниелер (салыстырмалы түрде) жаман емес, халықтың өзінің талғамы сондай. Халқы қандай болса, президенті де сондай дегенді де қосып қойсаңыз болады бұл жерге. Бәрі өзімізге байланысты екен. Музыканы да заказ берген адамның талғамына қарай таңдап қояды ғой.. Сайқымазақ шоуларға сұраныс болмаса, бізде де оларды эфирге шығармайтын еді...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 08:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30