Сен тұр - мен айтайын!

Семей әуежайын «Абай жолы» деп атасақ

  • Семей әуежайын «Абай жолы» деп атасақ

    Семей әуежайын «Абай жолы» деп атасақ

Тәуелсіздік алғаннан бері әр түрлі мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, халықтық маңызы бар орындар қазақшаланып, кеңестік кезеңнің құрсауынан шығып келеді. Түп тамырымызды тереңге тартқан соң, жапырағымыз да ұлттық болмыста жайқалуы керек. Әркім өз ортасынан бастап, жоғарыға (билікке) қозғау салса, «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегізбейтін шығар. Мысалы біздің Шығыс Қазақстан облысында орысшаланып кеткен аудандар жөнге келіп, тезге түсіп келеді. Әсіресе белгісіз «тұлғалардың» есімі мен мәнсіз атаулар атын жамылған Өскемен өңірі.

Осы ретте айта кетпесек сөздің атасы өледі. Ежелден руханияттың астанасы санатындағы Семей қаласы тоғыз жолдың торабында тұр.Жүйткіген отарбалар, Қытай, Ресейге ағылған жүк көліктері қаламыздың үстімен өтеді, тіпті кезінде су жолымен де көрші қалалармен қатынасып тұратын.

Ендігі кезекте әуежолы. Әуежолының әбігері әлі басылмай тұр. Астана, Алматы қалаларына тұрғындар осы уақытқа дейін Өскемен арқылы ұшып жүр. Себебі күрделі жөндеу жасалып жатқалы қашан?! Бірақ, көмбіс, төзімшіл халық оған да үйреніп қалды. Жақында іске қосылады деген қуанышты хабарды құлағымыз шалған еді. Сол орайда 40 жылдан кейін жөндеу көріп, жөнге келіп жатқан әуежайды «Абай жолы» деп атасақ деймін. Семей қаласы географиялық жағынан да өте тиімді жерде тұр. Ендігі уақытта халықаралық әуежайға айналып, халықтың игілігіне жұмыс жасайды деп сенемін. Сондықтан күре жолда тұрған, Қарауыл, Жидебай бағытында орналасқан әуежайды "Абай" атындағы xалықаралық әуежай десек, жарасымды естіледі емес пе?! Халық та қолдайды деп зор сенім білдіремін.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы сіздің назарыңыздан осы өтініш тыс қалмай, тиісті жерлерге жетсе деймін.


Мерей Қарт,

Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы.


Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31