Сен тұр - мен айтайын!

Сендерге әйел ғана ауырады, ал еркек ауырмайтын терминатор деп қай атаң айтты

  • Сендерге әйел ғана ауырады, ал еркек ауырмайтын терминатор деп қай атаң айтты

    Сендерге әйел ғана ауырады, ал еркек ауырмайтын терминатор деп қай атаң айтты

Кейде атаңа нәлет бір өтірік намысшылдыққа жыным келеді. Жаңа түскен келін бір-екі жыл ішінде ана атанбаса, оны жерден алып, жерге салып апарып тастағанды естіп те, көріп те жүрміз. Төркінінде ол қызды табалауға дайын талай адам кейпіндегі төбеттер де табылары анық. Ал ол қызды апармау еркек үшін типа намыс. Апармаса достары "еркек емес" дейтін көрінеді.


Сүкі лібәт! Ол қыз - адам! Оның сен сияқты өмір сүруге, ауыруға, жылауға һәм күлуге, бақытты болуға құқығы бар. Ол құқықты заң да, Құдай да берген. Оны жылатуға, өз еркіңмен шешім шығарып, табалап ұрып-соғуға кім саған ерік берді?! Бұл бір.


Сондай қыздың талайын жылатқан сорлы еркексымақтар көп! Сендерге әйел ғана ауырады, ал еркек ешқашан ауырмайтын терминатор деп қай атаң айтты. Бала болмаса демек кінәрат тек қана қыздан деген заңдылық қай жерде жазылыпты?! Түк ұқпайтын миларыңда ма? Баланың болмауына қос жұбайдың екеуінің де денсаулығы тікелей жауапты екенін аборигендер де білетін шығар. Сонда сен кім болдың? Бұл екі.


Сәбилі болмаған талай қызды апарып тастап, артынша екінші мәрте тұрмысқа шыққан ол қыздың аяулы ана атанғанын да көрдік. Сондай сәтте "мен еркекпін, мен ешқашан ауырмаймын, бар кінә қатыннан" деп кеудесін соққан ердің бармақ тістегенін, кезінде дәрігерге қаралмағанына өкініп, басын тауға да, тасқа да соққанын көргенбіз. Өтірік намысының намыс емес, надандық екенін кеш сезінетіндер көп. Бұл үш.


Елімізде отбасы зорлығын көріп, қатып қалған догмалық принциппен өмір сүретін жандардың кесірінен талай қарындас бақытсыз болып қалды. Ауылдағы көршінің д*лб*ев ұлы келіншегін бала таппағаны үшін апарып тастапты дейді мамам. Өзі мүлде дәрігерге қаралмапты. Надандық! Ал әйелін тек қыз тапқаны үшін ұратын есалаңдарды көрсем тіпті қаның басыңа шабады. Құдды бір 21 ғасыр емес, 11 ғасыр сияқты.


Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.09.2018, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30