Сен тұр - мен айтайын!

Шәбеленіп тұрған әйелді ері қамқорлығына ала ма?

  • Шәбеленіп тұрған әйелді ері қамқорлығына ала ма?

    Шәбеленіп тұрған әйелді ері қамқорлығына ала ма?

Шай үстінде келіндеріне кеңес айтып отыратын әжем: «Осы сендер кедей бір байды немесе аурудан арықтап әрең жүрген біреу палуанды қамқорлығына алыпты десе сенесіңдер ме? Қисынға келе ме?", - деп сауал қоюшы еді. "Жоқ" дейді келіндер. Ендеше: "Мен сенімен теңмін, артық болсам артықпын, кем емеспін", - деп қос қолын мықынына қойып шәбеленіп тұрған әйелді ері қамқорлығына ала ма? Алайын десе де қисынға келе ме? Анау үлкен қазанды кіші қазанның ішіне салам деу ақымақтың ісі емес пе?

ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН, күйеулеріңе кішірейіп құрмет қылмайды екенсіңдер, оның қамқорлығына кірем деп ойламаңдар. Бірақ ер адамның шынайы қамқорлығына бөленген әйел екі дүниеде де бақытты ғой. Ол егінші болсын, етікші болсын, әйтеуір адал еңбегімен бір уыс бидай тауып әкелсе де сені бүкіл ықылас, пейіл, ынты-шынтысымен асырайды. Әйелдің, отбасының бақыты деген осы емес пе шырақтарым?!», - деп соқырға таяқ ұстатқандай әңгімесін анық айтушы еді.


Зауре Даулетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1389    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31