Сен тұр - мен айтайын!

Шексiз бәлекет қатын атаулыға тiлiнен келедi...

  • Анаргүл Шалғынбай

    Анаргүл Шалғынбай

Жұмада жақсы сөз айту керекпiз. Иә, әр жұмада "қабыл болсыннан" аспайтын парақшалар қаптайды. Шынайы ниетiмiздi дiни сауатымыздан хабардар етiп, айта отырсақ мұсылман баласына сауап қой. 


Сонымен "әйел адамның ерiнiң сырын сақтауы жайлы" айтқым кеп отыр. Оған себепте бар. Туысқан ағамды таудай етiп көтермелеп, құрметтеп жүрсем, мына жақта салпы ауыз сапылдақ жеңгем, қатындар ортасында ағамның абыройын төгiп-ақ жатыр екен. Жалпы анам қыз баланың әйелдер ортасында жүрiп-тұруына мүлде қарсы. Аяқасты барып, жиналған дос-жараннан ұялдым. Дастархан басындағы жөн-жосықсыз ағамды тiрi өлiк етiп отырған, добалдай 3 балалы қатынға, осы жолы оңашалап қатты айттым. Екi-ақ ауыз сөз: «Миың iстемесе, аузыңды бақ. Ағамды сорлатпа, төркiнiңе топ еткiземiз, түйеше көпiргенiңдi қоятындай бол» дедiм. Жылап қалды. Менiкi дұрыс та емес әрине, бiрақ ағамды жаладан, көп аузындағы зеңбiректен кiм қорғайды? Хазiрет Омар: «Мен ешкiмге бұрын сырымды айтып, кейiн: «Неге сырымды әшкере еттiң» деп зұлымдық iстемедiм» деген. Сырды әшкере етуде ешкiм әйелдердiң алдына түсе алмайды. Умаманың қызына айтқан насихатында: «Ерiңнiң сырларын ешқашан бiреуге айта. Сырлары өзгелерге әшкереленген кiсiлер зиянда, азапта қалады және көп игiлiктер мақұрұм етiледi» делінген. Тағы бір хадисте: «Бiр кiсi сырын сақтай алса, iсiн бүкiл ақысымен орындаған болады» делiнеді. Адамның жүрегi сыр сақталатын – сандық, ауыз ол сандықтың – құлпы мен кiлтi. Егер кiлттi жақсы сақтай алмаса, яғни, тiлiн тыя алмаса және сырларды әшкере етсе, ақыл-зеректiгiнiң төмендiгi. Демек әйел ерiнiң сырларын сақтауы ешкiмге айтпауы керек екен. Ерiнiң сырын жайып, әшкерелеп бетiн айдай еткен әйел, ертең қазан-ошақтың иесi, ибалы келiн, парасатты ана, жақсы жар атана аларына кепiлдiк бар ма? Әрине жоқ. Шексiз бәлекет қатын атаулыға тiлiнен келедi. Сыр не малға, не бұйымға ұқсамайды. Сақталуы қиын, бiр ауыздан мың ауызға тарайды. "Жақсы әйел ерiнiң жаманын жасырып, жақсысын асырады" деген нақыл да бар емес пе? Ақыл айтып алқынып отырған түгiм жоқ. Жер қылмасыншы ағаларымды, жеңгелер!


Анаргүл Шалғынбай

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1641    Пікірлер: 0

жұма, 19.12.2014, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31