Сен тұр - мен айтайын!

Шенеунік көкелер, жас өскіннің тамырына жемқорлықты екпеңіздерші

  • Шенеунік көкелер, жас өскіннің тамырына жемқорлықты екпеңіздерші

    Шенеунік көкелер, жас өскіннің тамырына жемқорлықты екпеңіздерші

Бізде жемқорлық қашан тыйылады деп байбалам салғанда бәледейміз ғой. Сол байбаламшылардың арасында өзім де бармын. Алайда, сол жемқорлықтың тамырын түп тамырымен қопарып тастау өз қолымызда екенін түсінбей өтетін шығармыз. Мысалы деймін дә, мисалы:

Бір ағамыз прокурор болды дейік. Бәріміз (ағайындарын айтам) сол ағамызға қарап бой түзейміз ғой. Сол кісіні бағыт ұстар бағдаршамымыздай көреміз. Дұрыс қой. Баламызды соған ұқсаса, соның адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірсе деп тәрбиелесек болады ғой. Жоооқ, баламыз әріп тани білгеннен ана кісіге таныстыруға ұмтыламыз. Ол да қарап қалмайды. Өз кезегінде:

- Балам, сен юридическиді оқы. Жақсылап бітірсең, сені осы прокуратураға кіргіземін - деееп қояды. Бітті. Ана бала өзінің қабілетіне қарамайды, тыраштанып, юридическиді оқиды. Бірақ миына түк кірмейді. Сөйтіп, тырбанып жүріп диплом алады, бірақ дарынсыз прокурор екенін сезінбейді. Сол кезде (нағыз драма осы жерден басталады) ана баяғы көкесі не өліп қалады, не пенсияға шығып кетеді, не ұсталып кетеді. Солай жұмыссыздардың қатарына әлгі дарынсыз юрист те қосылады. Ал ол баладан өз қабілетін шыңдай түскенде мықты химик не математик шығуы бек мүмкін еді. Солай әрқайсымыз өз ұямызда емес, шатасып түсіп кеткен көкектің балапаны құсап жүреміз, шөре-шөре болып.

Ау, высокопоставный шенеунік көкелер! Дұрыс, жұмысыңызды істеңіз. Аппетитіңіз жақсы болса ,жеңіз! Ас болсын! Бірақ жас өскіннің тамырына жемқорлықты екпеңіздерші, пажалыста! Алдағыны Алла біледі. Артыңызбен пал ашып, пәлен жылдан кейін туысыңыздың баласын жұмысқа алам деп құлағын көтермей-ақ қойыңызшы, а?


Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 419    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 10.01.2018, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31