Сен тұр - мен айтайын!

Шенеуніктер «16-ы тезірек өтсінші» - деп тізеге тізені қысып әзер жүр

  • Шенеуніктер «16-ы тезірек өтсінші» - деп тізеге тізені қысып әзер жүр

    Шенеуніктер «16-ы тезірек өтсінші» - деп тізеге тізені қысып әзер жүр

Қышап кетті


Баяғыда бір жігітпен араласқан едік, байғұс шыдамайтын ғой. Күн сәл салқындаса шыжбақтап, тасаға жүгіре беретін. -Үй, не болды? - десең - Қышап кетсе қайтем енді! - деп ашуланатын. Бір күні жолға тоқтадық, біз бастауға беттедік, ол түсе сала анадайда тұрған терекке жүгірді. Үлгермеді. Тағы бір көлік тоқтады. Рөлдегі де, жолаушы да әйел екен. Жолдасымыз орта жолдан кері қайтып, қасымызға келді. Тізесіне тізесін тигізіп, бір қызарып, бір бозарды. "Қышап барады" - дейді баяғы. Біз жырқ-жырқ күліп әлгі екі әйелге қарап қоямыз. Олар асықпайды, бастауға барып пластик бөтелкеге су алды, көлікке сүйеніп тұрып асықпай ұрттады. Орысша шүлдірлеген әңгімелері бітер емес, бір тұқылды атып жіберіп екіншісін тұтатты. - Былай таман жүрейік, отыр, - десем жолдастың бас шайқауға ғана мұршасы келді, жағдай мүшкіл, жыларман. Осы кезде әлгі екеу көлікке отырып кетті- ау. Жігітіміз терекке қарай бүрсеңдей жөнелді. Бір уақытта "Кайф!" - деп айғайламасы бар ма...

Бүгін осы оқиға еске түскені, желтоқсанда шенеуніктерді қатты қышайды, а?! Мына Тәуелсіздік деген болмаса... Бір ай Жаңа жыл тойлап, кайфават ететін еді. Шыршаны құрып, жылтырақтарын әзірлеп "16-ы тезірек өтсінші" - деп тізеге тізені қысып әзер жүр. Одан кейін өйдөйт! Жабыла "Кайф!" деп шыңғыратын сияқты.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3530    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.12.2018, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31