Сен тұр - мен айтайын!

Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтындарға арналады!

  • Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтындарға арналады!

    Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтындарға арналады!

Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтын, сол "өнерін" бақ санайтындарға арналады!

Концертке, біреудің армандап, аңсап жеткен той-қуанышына ішіп алып, шегіп алып шыққанды қою керек, құрметті әнші, әртіс, өнерде жүрген адамдар!

Сахнаның болмаса да өнердің киесі бар!

Ол көрерменді яғни ата-әжеңдей қарияларды сыйламай, оң-солын танымай, мәз болып шапалақ ұрып отырған сәбилерді аямағаның!

Қызара бөртіп, майысып, сүрініп, аса шаттанғаннан айқайға басып, қолды ербеңдетіп олай да бұлай бұлғап, "шалықтағаннан" көзді жұмып, ойға шомғандай кейіп танытып "эйфорияға" берілу - осының бәрін отырған көрермен көрмей қалатын көзі соқыр, білмей қалатын сезімнен жұрдай, мақұлық емес!

Бабаңның, атаңның, әкеңнің сатып, атыңа өткізіп берген сахнасы емес, ол сенің!

Мен көрген соң, сезген соң, жиіркенген соң жазамын! Титтей болса да осы жазбам қытығына тиіп, ұяттары оянсын деп.

Бәріне бірдей күйе жақпаймын. Әдепті, тәрбие көрген, өзгеден именіп тұратын көргенділер көп, өнерде жүрген.

Жақында сұхбатты қайта бастасам деп жүрмін, ТВ саласында. Сонда осындай бассыздықтың бәріне жауап алар едім, ерінбей.

Тым еркінсіп кеткенсіздер, кейбір әртістер! Дәлду дәуреніңіз де аяқталар, аяқталмаса арты ашылар. Күзе кесе мың күнде емес, бір күнде сынарын есепке алғайсыз.

Тас төбеден жай түскенде ешнәрсеге шамаң келмей, "тырбаңдап" қаласың. Барлығы да сенің "арағың" бетіңе шыға жаздаған түрің мен әніңді тыңдап отырған елдің арқасы екенін ұмытпай, бір сәт тәубеңе келу - әрбірден соң ардың ісі!

Мен, күніне болмаса да күнара талай жарымжан, бағы тайған, тағдыры аямаған, жылаған, басқа түгіл жан қайғы боп отырған жандардың көзжасын сүртіп, маңдайынан сипап отырған хабардың продюсерімін. Өмір, уақыт, адамдар соншалықты қадірсіз емес екенін жақсы білемін. Сондықтан шығар, титтей ерсі дүние жүрегімді ауыртып, жүйкеме тиеді. Мұның бәрін былай қойғанда он жыл өнерге қызмет еткен адам ретінде (сұхбат алсам да) қақым бар деп жазып отырмын.

Айып болмасын!

Аттарын атаудың қажеті жоқ, олай жасамаймын мен. Қолымнан келмегеннен емес, арғыжағында қанша нәрсе жатыр. Өзіме қатыстысы: этика.

Кештен, тойдан көргенімді, түйгенімді жаздым. Бір адамға ой салса, сол да олжа.


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.11.2018, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31