Шəш жұлу һəм оның хикметтері
Құттай кезде сəл пəл бұзық болсақ шешеміз бізге қарап, көгерген көзін көкшите зəрін айнала шəшқанда аузын ашып, шəшіңді жұламыз деп айқалағанда тура ертегідегі айтылған кейіпкер мыстан кемпірдей көргенде орнымыздан үре түрегелеп қашып, əжеміздің артынан тығылушы едік. Сол кезде шешеміздің образын түсінбей, жəңа ғана мама еді, қалайша мыстанға айналған деп əжемізге еңірегенде жұбататын еді. Əже айтқан соң сөзіне иланасың ғой, иə иə мама ғой бірақ қалайша ол менің шəшімді жұлады деп боздап қоя бергенде əжеміз жарықтық шешемізге ұрсатын еді. Содан кейін əжемді крышавать етіп, шешемізді мазақтап, тіл шығарып, шаңдата қашып жүріп тулақтай боп өстік.
Бүгінде міне өзім мəмə болдым. Қызым да өсіп келе жатыр. Шəші жалбырап жүрсе, дұрыстап киінбесе, отырған орнын тазаламаса автоматты түрде шəшіңді жұламын деп сөз ауыздан шығатын болып жүр. Тура сол образ сол бейне сол тарих енді қайталанып жатыр. Ол да əжесін жағалап крышавать етіп жүр, ал əжесі тоест шешем маған ұрсып жүр. Кейде үй болған соң, анда санда ұрыс естіген дұрыс шығар деп ойлаймын.))) Иə шəш жұлу деген де сол отырып алып, шəшті жұлмаймыз. Ұрмаймыз. Жəй қуалап жүрген сөз, соны айтамыз деп ол баланы қуалап жүреміз. Олар шын көріп қашып жүреді. Бірақ айнаға өз түрімді қарасам мыстанға емес қарақошқыл қарағатынға ұқсаймын. Көзім де көк те емес. ))) Құдай біледі қызымның көзіне қара зəңгіге ұқсайтын шығармын.
Anar Satay
Фейсбуктегі парақшасынан