Сен тұр - мен айтайын!

Шымкенттіктер ел болып, жұмылып жүріп өздеріндегі бағаны осылай көтертпейді екен

  • Шымкенттіктер ел болып, жұмылып жүріп өздеріндегі бағаны осылай көтертпейді екен

    Шымкенттіктер ел болып, жұмылып жүріп өздеріндегі бағаны осылай көтертпейді екен

ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ 2 ӘҢГІМЕ


Біз жақтан екі жігіт демалысында Шымкенттегі жұмыстасына қыдырып бармай ма?! Жазды күні болса керек, барған күні қонақтарын барынша күтіп, жағдайларын жасаған екен. Келесі күні түс қайта үй иесі "Жігіттер, көлігімді жуып келуім керек еді, бірге барайық, сосын қайтып келіп жуынып - шайынып, кешкі Шымкентті көрсетемін" депті. "Қонақ қойдан жуас" бұлар көнеді ғой. Сонымен не керек, қатар тұрған екі көлік жуатын орынға келсе, біреуі 600 теңгеден, екіншісі 500 теңгеден, 600 теңгелікте кезекте 1 ғана көлік тұрса, 500 теңгелікте 4 көлік тұрған екен. Шымкенттік барып 500 теңгелікке 4 көліктен кейін кезек алыпты. Сосын "Жігіттер, ана жерде сыра бар, шашлык бар, тапсырыс бере беріңдер! Мен арттарыңнан барамын" деп қала беріпті. Атыраулық екеу сыра ішіп, шашлык жеп отырып шымкенттік жігіттің әлгі қылығына түсінбей әлек болады... "Жұмысы ТШО-да, айына теңгемен емес, доллармен айлық алады, неге 100 теңге үшін соншама уақытын кетіреді?!"... Бір заманда көлігін жуғызып келген жұмыстастарына көкейлерінде тұрған әлгі сұрақтарын қоймай ма?! Сонда шымкенттік "Ол былай. Әңгіме 100 теңгеде емес, әңгіме бағаны көтермеуде. Мысалы мен 600 теңгелікке көлігімді жуғызып кете берсем ешкім ештеңе демейді, бірақ сәл де болса қымбат салонның саудасын жүргізген болар едім. Егер олардың саудасы жүре бастаса, олар көп ұзамай бағасын көтереді, сосын көлік жуғызу 600 теңгеден 700 теңгеге көтеріледі. Ал одан калғысы келмеген 500 теңгелік көрші салон 600 теңге кылар еді. Қысқаша осылай" депті. Міне шымкенттіктер ел болып, жұмылып жүріп өздеріндегі бағаны осылай көтертпейді екен. Қысқасы, біз сияқты шашпаларға ойланатын жәйт.


Беркин Садыков

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 953    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.12.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31