Сен тұр - мен айтайын!

Шындық – қаны сорлаған ащы шындық

  • Шындық – қаны сорлаған ащы шындық

    Шындық – қаны сорлаған ащы шындық

ШЫНДЫҚ – ҚАНЫ СОРЛАҒАН АЩЫ ШЫНДЫҚ  (батыс мақалы)


Күндіз ораза ұстап, түнде түнімен Құдайға құлшылық жасаған бір тақуа адамның тұз-дәмі таусылыпты. Әзірейіл періште әлгі адамға келіп: "Ей Пәленше, ажал сағатың келіп жетті, Құдай тағалам сені жарылқады, Менің Фазылыммен (кешірім) жаннатыма кірсін!" деп сәлем айтты дейді. Сөйтсе, әлгі тақуа: "Мен осынша ғұмырымды күндіз ораза тұтып, түнде құлшылық қылумен өткіздім, ешкімнің ала жібін аттамадым, сондықтан Жаратқан иеме айтшы, менің жанымды Әділ сипатымен алсын!" депті. Сол кезде Әзірейіл анодай жерде жатқан жуандығы кетпенның сабындай кебу ағашты алыпты да әлгі тақуаның аузына апарып сұғып кеп жіберіпті. Ауыздан найзадай түйрелген ағаш (кешіріңіздер, ұлы сөзде ұят жоқ) құйрығынан бір-ақ шығыпты. Бұл қайбір жақсы ажал болсын, жаны көзіне көрінген ол, "Құдайдың Әділ сипаты осы ма еді?" дейді. Сол кезде Әзірейіл періште: "Ұмытқан болсаң, есіңе салайын, бала кезіңде арықтың жағасында ойнап жүріп, сен бір инелікті дәл осылай азаптап өлтірген едің. Айтқан сәлеміңді Құдай тағалама жеткізіп едім, ол сенің жаныңды тап солай азаппен алуды бұйырды" депті (естігендерімнен).


Тағы бір руаяттардың бірінде бір адам күндіз ораза, түнде құлшылық жасап 500 жыл ғұмыр кешті дейді. Оған да Әзірейіл періште арқылы Құдай тағалам жаннатымен сүйіншілегенін жеткізеді. Ол да Құдайдың Әділ сипатымен жанын алуын сұрайды. Сол кезде Құдай тағалам періштелеріне "Мынау құлымды тозаққа қарай сүйреңдер!" деп бұйырады. Ұзақ жолға жарамай әлгі тақуаның тамағы әбден кеуіп, қаталап шөлдеп тілі мен ұрты жарылып кетеді. Сусырап жаны қатты қиналған ол "су, су" дейді періштелерге жалбарына. Періштелер оның өмір бойы жасаған құлшылығының сауабының тең жартысын берсе ғана бір ұрттам су беретінін айтады. Ол амалсыздан айтқандарына көнеді. Бір ұрттам су қайбір шөлін қандырсын, алға қозғала бергенде, ол қаталап өліп бара жатқасын тағы да су сұрайды. Сауабының екінші жартысына тағы бір ұрттам су бергізген Құдай тағалам оны тоқтатып: "Ей құлым, сені фазылыммен жаннатпен сүйіншілеп ем, еркіңмен кірмедің, ал сенің 500 жыл жасаған құлшылығың екі-ақ ұрттам суға татыды. Ал енді, менің қалған нығметтерімнің ақысын қайтар!" деген екен (естігендерімнен).


Жаңылмасам, Оралхан ағаның кеші болуы керек, телеарнадан көріп жаттық. Сол кезде бір оқырман жазушыдан шындық дегенді қалай түсінесіз деп сұрады. Ол: "Егер де шындық – еркек болса, оған бірде-бір әйел тимес еді, ал егер де шындық – әйел болса, оған ешкім де үйлене алмас еді" деп жауап берді. Жалпы пенде болған соң, мен де шындықтан қорқамын дегенім ғой!


Кайрат Дуйсенов Парман

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1307    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.04.2018, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30