Сен тұр - мен айтайын!

Шынжырсыз құлдық - ең сұмдық бодандық!

  • Шынжырсыз құлдық - ең сұмдық бодандық!

    Шынжырсыз құлдық - ең сұмдық бодандық!

 Құл болу дегеніміз не? Иә, XXІ ғасырға дейін құл болу дегеніміз аяқ-қолдың кісенделуі, дүренің арқаны қызыл қанға бояп, өлімше етіп сабауы, шынжырлаулы қол, айдаулы бас, шешілмес қамыт болып келді. Әлем өзгерді, классикалық құлдық түрі жойылды. Бірақ одан да қауіпті құлдық пайда болды. Ол - бұрынғы қожайындарына бас иетін, кет десе де кетпейтін тексіздіктен туындаған құлдық.


Көптеген мемлекеттер мен қоғамдық қауымдастықта жаңа құлдар ерекше касталарға бірікті. Олардың өзіндік тілі, мәдениеті және принциптері қалыптасты. Анығы қожайындары қалыптастырған сол бір принциптен бас тартпады. Бір ғана мысал келтірейін.


Африкада Мали деген ел бар. Сол елді мекендейтін туарегтер осыдан 120-150 жыл бұрын Саваннаның халықтарына шапқыншылық жасап, құлдық қамытын кигізді. Ол құлдық қамытын киген бейбақтарды харратиндер деп атайды. Олардың саны бүгінде жүздеген мың адамды құрайды. Харратиндер туарегтер үшін тамақ әзірлейді, бала қарайды, түйе бағады, үй шаруасын жасап, ерлері ауыр жұмысты атқарады. Кей туарегтің отбасында 3-4 харратин отбасылық құлдары бар. Олардың барлығы да туарегтердің тілінде сөйлейді. Туарегтер ұстанатын ислам дінін қабылдаған.


Бір қызығы харратиндер құлдық қызметтерін өз еріктерімен атқарады. Олар осы өмірлеріне риза және бақытты. Егер кез келген харратин құлдық қызметін тастап, кетуге бел буса, оларды туарегтер жібере салуға әзір. Ол жайлы сан мәрте мәлімдеген де. Бірақ харратиндер олай етпейді. Неге? Себебі олар бұл қызметтерін дәстүр санайды. "Осылай болуға тиіс, менің атам, атамның атасы осылай қызмет еткен, демек менде осылай әрекет жасаймын" түсінігімен өмір сүреді. Құлдық өмір олардың санасына еніп, сүйегіне сіңіп кеткен. Енді одан арылу мүмкін емес.


Қызық! Біздің қоғамда да харратиндер көп сияқты. Шынжырсыз құлдық - ең сұмдық бодандық!


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 837    Пікірлер: 0

жұма, 21.12.2018, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31