Сен тұр - мен айтайын!

Шынымен-ақ цифрланып кеткен екенбіз деп...

  • Шынымен-ақ цифрланып кеткен екенбіз деп...

    Шынымен-ақ цифрланып кеткен екенбіз деп...

Сонымен, Барсакелмеске кеткен құжаттарды жасатуға өткен сенбіден бастап кірістім. "Қазір бәрі оңай, бара қалсаң бір-ақ күнде жасап бере қояды" дегенге сеніп, шынымен-ақ цифрланып кеткен екенбіз деп, сенбі таңертең Қарасай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Анықтама қызметіндегі жігіт 2-қабатқа жіберді. 2-қабаттағы жігіт "РУВД-дан анықтама алып келіңіз" деді. Зулап отырып ішкі істер басқармасына бардым. #блондинкаболғанқиын, жоғалтқан ауданыма бару ойға келмеген, тіркеуде тұрған сол Қарасай ауданына барғам. Күзетші "бүгін канцелярия жоқ, дүйсенбі келсеңізші" деді. Дүйсенбі ертелетіп барып, 45 минуттан аса кезек күтіп, кірсем, учаскелік полицей: "Қай жерде, қандай жағдайда жоғалтқаныңызды жазыңыз", – дейді. Қалада жоғалтқанымды естігеннен кейін "енді мұнда неғып келдіңіз, сол жаққа барыңыз" деді. Сонымен зулап отырып Бостандық АІІБ-ға жеттім. Арыз жазғаннан кейін кезекші бөлімге тапсырып, "бір жарым, екі сағаттан кейін келіп алып кетсеңіз болады, дегенмен бір звондап алып келіңіз" деді. Соңғы сөйлемді айтқандары дұрыс болыпты, шамамен үш жарым, төрт сағаттан кейін телефон соқсам, әлі дайын емес екен. Сол аралықта жоғалған жүргізуші куәлігін жасату үшін керек құжаттардың тізімі қолыма түсе қалды. СпецЦОН-ға медкомиссиядан өтуге барғанмын. "Астына барып терминалдан ақша төлеп келіңіз" дегеннен кейін жүгіріп бара жатыр ем, қайта шақырып алып, "жоғалтқан куәлігіңіздің мерзімі өтпеп пе еді?" деді. Өтпегенін айтып ем, анықтама қызметіне жіберді. Анықтамадағы жігіт талон берді. Барып біраз күткеннен кейін босқа отырып жүрмейін, тіркеуім Қарасай ауданында ғой, тағы бір пысықтап сұрап алайын деп қайта бардым. Сөйтсем, қазір тіркеу міндетті емес екен. Бір жарым сағатта уақытша жүргізуші куәлігін береді екен, бір айдан кейін медкомиссияның қағазы мен 3006 теңге төлегеніңді растайтын түбіртекті алып барсаң, жаңа куәлік жасап береді екен.

Бүгін кеше алған талонмен Қарасай аудандық ХҚКО-ға бардым. 2-қабаттағы кабинетке кезекке тұрдым. Кіргенімде паспорт пен талонның ксерокөшірмесін және куәлікке 481 теңге төлеп келуімді сұрады. Бірден есікке бадырайтып жазып қоюға болмайды, міндетті түрде кезекке тұрып, кіруің керек. Оны алып келіп едім, бір қағаз беріп, қайтадан арыз жаздырды. Оны жазып келгеннен кейін "31-терезеге барыңыз" деді. 31-терезеге астынан талон алып келу керек екен, ол жақта кезекке тұрып, талон алып, қайта келдім. 31-терезе бәрін қарап, суретке түсуге жіберді. Суретке түскеннен кейін "соңғы терезеге" жіберді. Сол расында да соңғы терезе болды. Енді 15 күннен кейін куәлік дайын болады. "Бір күнде жасап береді" деп жүрген кім еді өткенде?))))) "Ускорениесінің" өзі 7 жұмыс күні екен. Ал маған 7 күнде алдым не, 15 күнде алдым не, бәрібір.


Мұның бәрін неге жаздым? Екі күннің бірінде екінің бірі құжат жоғалтып жатыр ғой. Мен құсап әрі-бері жүгіре бермей, бірден біліп барғандарыңыз дұрыс. Қай ауданда жоғалтсаңыз, сол ауданның ішкі істер басқармасына барып, арыз жазасыз, талон аласыз, сол талонмен тіркеуде тұрған ауданыңыздың қызмет көрсету орталығына барасыз. Талонды және төлқұжатыңызды бірден копия жасап алыңыз. Кассадан да төлемді бірден жасап келсеңіз, тентек қой құсап бір кезекке қайта-қайта тұрмайсыз.


***


Осы бізде "бір терезе" деген ұран болып еді ғой. Соны "қырық бір рет айналып келетін бір терезе" деп өзгерту керек)))))


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1268    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.11.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31