Шынымен басқа мақтанатын ештеңеміз қалған жоқ па?
Екі байдың құдалығына апарған дүние-мүлкі, мінгізген аты мен кигізген шапанын əлеуметтік желіге таратып, кімге мақтанып жатырмыз?
Біреулер сойған соғымының семіздігін көрсетіп, қазы жасап жатқанын, біреулер жеген тамағын суретке түсіріп таратып жатыр. Рухани жаңғырғанымыз қайда? Əлде нағыз жаңғыру осы ма?
Атам қазақ "жақсы адам көрген-білгенін айтар, жаман адам ішкен-жегенін айтар" деген жоқ па?
Шынымен басқа мақтанатын ештеңеміз қалған жоқ па?
Есет Калманов
Фейсбуктегі парақшасынан