Сен тұр - мен айтайын!

Сол кездегі палаткадағы той төбелессіз бітпейтін еді ғой шіркін ...

  • Сол кездегі палаткадағы той төбелессіз бітпейтін еді ғой шіркін ...

    Сол кездегі палаткадағы той төбелессіз бітпейтін еді ғой шіркін ...

Бұрын деймін да, осыдан 10 жылдай уақыт бұрын. Ауылдың тойларының бәрі дерлік палаткада болатын еді. Ой сол уақыттағы тойларды ай а? Үлкен палатканы құрып, оның ішіне кілем-паластарды іліп қоюшы еді. Сосын жас-жұбайларға, ата-аналарға, құда-құдағиларға арналып жазылған плакаттар ілінетін. Сосын шарды қайнаған ыссы суға салып аузымыз талып оны үретін едік. Ортаға қағылған қазықтарды да әртүрлі ленталарды айналдырып орап палатканың ішін одан сайын әсемдендіретін едік. Жас-жұбайлар отыратын жердегі кілемге мақтамен жас-жұбайлардың атын жазушы едік. Сосын кетесің қолда қалам мен қағаз көрші үйлерден ыдыс жинап. Ыдыстардың астында лакпен жазылған әріптер тұрады. "Ә", "Д", "К", "М" сынды. Сол әріпке қарап қай үйдің ыдысы екенін білесің. Кем дегенде екі үйге тамақ пісіресің. Сыртта екі-үш қазанда тамақ пісіп жатады. Сол әулетке қарасты келіндер палаткада жүреді дастархан жаяды. Ал біздер барып кел, шауып келмен жүреміз. Содан келін қарсылау басталады. Көшенің басынан келін мен жігіт түседі. Құрдастары кетеді қолда баян,домбыра, гитара. "Сендерге әрдайым орын бар, Ақ отау төріне қоныңдар" деп. Шашылған шашуды теріп біздер кетеміз. Сүртіп-сүртіп алып печенье-кәмпит жемегендей оларды жейміз.Улап-шулап келін шарбаққа кірген соң беташар басталады. Ол мезгілде домбырамен ашады беташарды. Ооо содан кейін той басталады. Шақырылған қонақтар бір бөлек,сығалауға шақырылған жастардың қарасы көп болады. Той болып жатқан үйде құрдастары болса оларға онда жасыл свет. Шай бітіп биге шыққанда "бала" шай басталады. 1-2 столда "сығалау" қонақтары отырады. Қалған столдарды жинап бастайды. Той сығалауға шығу үшін сол күні үйдің бар шаруасын жасап тастайсың. Сосын "мұғалімдердің" көзіне түспеуге тырысасың. Мұғалімдердің көзіне түссең келесі күні жиналыстың басты кейіпкері боласың деген сөз. Би басталады, әр ұлттың билері қойылады. Бишілерге міндетті түрде сыйлықтар табыс етіледі. Қазіргідей жартылай жалаңаштар биі емес кәдімгідей нәрмәлни билер. Және ол тойда батырсынып, күштері асып-тасып жүретіндер кездеседі. Ас желініп болған соң міндетті түрде төбелес басталады. Сол кездегі палаткадағы той төбелессіз бітпейтін еді ғой шіркін. Жоқ дегенде бір-екі адамның қолының қышуы қану керек. Әйтпесе болмайды. Сығалаушылардың да аңдитыны сол төбелес болатын. Төбелес болған соң той бітті деген сөз. Бәрі үйлеріне тарайды. Той болған үй тойдың ыдысын жуып, оны сүртіп, оны суреті немесе астындағы әрпі бойынша жинап келесі күні таратуға дайындап қояды. Одан палатка бұзылады. Кілем-паластар үйді-үйіне тарайды. Түскен келін баста орамал шай құюға кірісіп кетеді.

Міне, мен осындай тойды көргенмін. Нағыз шынайы той, нағыз бақыт тойы, нағыз қуаныштың тойы. Ең бастысы кредитсіз өткен той.

Ал қазіргі тойға көңілім тола бермейді. Бәрі бір сарын. Асабалардың сөздері, анекдоттары бәрі-бәрі жаттанды. Одан қала берді жартылай жалаңаш билер.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2097    Пікірлер: 3

жұма, 16.02.2018, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 12:54
    Мұзға айналған көз жасы
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31