Сен тұр - мен айтайын!

Сол шығыннан еліміз не пайда табады?

  • Сол шығыннан еліміз не пайда табады?

    Сол шығыннан еліміз не пайда табады?

Жаңа жылда адамдар бір-біріне ақ тілектер айтып, құттықтып, өз үйінің дастарxанында, бала-шағасымен бірге жаңа жылды қарсы алғанға не жетсін!


Бірақ аспанға от шашып, тарсылдақ атып, ақша жинап, аспа-төк дастарxан жайып, ресторан жалдап, құтырып билеп, тос айтып арақ ішіп мас болу - дарақылық.

Қазір еліміздегі барлық балабақшалар мен мектептер, орта және жоғары оқу орындары, еңбек ұжымдары "Жаңа жылға" деп ақша жинап, отырыстар жасауда.

Қазақстан xалқының миллиардтаған теңгесі Қытайдың пластмас шыршасына, от шашуына, жылтырақ ойыншығын сатып алуға кетеді.

Бұл қаражатты Қытайдың экономикасын көтеруге жұмсаймыз?

Мысалы, мың бала оқитын мектеп жаңа жылды қарсы алу үшін. Әр оқушы бір мың теңгеден қосқанда 1 миллион теңге жинайды екен.

Ал оған мұғалімдер мен сол мектепте жұмыс жасайтын қызметкерлерді қосыңыз. Бір мектеп бір күндік Жаңа жылды тойлау үшін қанша миллион қаражат жұмсайды?

Қазақстанда қанша мектеп, қанша балабақша, қаншама орта және жоғары оқу орындары бар. Солардың жаңа жылға шашатын ақшасын қосыңыз.

Оқушылар мен студентер табыс таппайды, барлық шығын ата-ананың қалтасына түседі. Қаншама бала жаңа жылға қосатын ақша табалмай қатарынан қалып қиналады десеңші.

Жаңа жылды ел болып тойлағанда не пайда табамыз? Қала, аудан орталықтарына алып шыршалар орнатып, көшені Жаңа жылға арнап безендіру үшін бюджеттен қаншама миллиярд теңге жұмсалады десеңші?!

Сол шығыннан еліміз не пайда табады?

31 желтоқсан мен 1 қаңтарға қараған түні елімізде қаншама қылмыс тіркеліп, қаншама адамдар от шашудан жарақат алады? Қанша адам о дүниелік болатынын бір құдай біледі.

Сол ақшаны жағдайы қиын отбасыларына, баласын емдетуге қаражат таба алмай қиналып жүрген ата-аналарға берсе, сауапты іс болар еді ғой.


Жәнібек Қожық

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.12.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31