Сен тұр - мен айтайын!

Сонда мен чёрт болдым ба?

  • Сонда мен чёрт болдым ба?

    Сонда мен чёрт болдым ба?

Көшеде келе жатырмын. Қасымда достарым бар. Қарсы алдымда келе жатқан жас жігіт мені иығымен соғып өтті. Сөйте тұра "Көзіңе қарап жүрмейсің бе? Кең далаға сыймай жүрсің бе" деп керісе кетті. Өзім кінəлі болмасам да "Кешір бауырым, байқамай қалдым" дедім күліп. Əлгі бауырым да күліп жіберді. Ол да кешірім сұрап жөніне кетті. Бағанадан бері үндемей тұрған бір досым "Сен не, чёртсың ба? Патцандардан сөз естіп. Бір ұрып құлатпадың ба?" деп аяншты көзбен қарады. Мен айттым "Мен онымен ерегісіп не ұтамын? Мүмкін ол қызымен ұрысып қалып, эмоциясын жасыра алмай келе жатқан шығар. Мүмкін үйіндегілермен сөзге келіп қалған шығар. Ашуланатындай біреу бірдеңе деген шығар. Мен қазір ерегестім делік. Соңы не болады? Біреуміздің киіміміз жыртылып, біреуіміздің көзіміз көгерсе сол жақсы ма? Сосын мен чёрт емеспін. Мұндайды чёрттық деп есептемеймін. Чёрт деп ата-анасын тыңдамайтындарды, баласын қоқысқа тастап кеткен қатігез аналарды, қолынан түк келмейтін адамдарды, қолындағы барына мастанып, жанындағыларын менсінбейтін адамдарды айтады " дедім. Дұрыс айттым ба? Əлде шынымен чёрт болдым ба?


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 3227    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 22:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31