Сен тұр - мен айтайын!

Сөзі - өзіміздікі, әні - сол баяғы шетелдікі ғой...

  • Сөзі - өзіміздікі, әні - сол баяғы шетелдікі ғой...

    Сөзі - өзіміздікі, әні - сол баяғы шетелдікі ғой...

 Жаңа жылдан кейін телеарналардан біраз жыл басы концерттерін тамашаладық. Бір таң қаларлығы, бұрын титрына тек әншісін ғана жазып, ән иелерін ұмыт қалдырушы еді, бұл жолы авторларын да қосарлай жазып отырды. Мұнысын құптадық. Сондағы байқағанымыз, қазір "хит" боп жүрген біраз әндердің сөзі "қазақ" та, әні "келімсек" екен. Титрлардан "француз әні", "қырғыз әні", "болгар әні" дегендерден көз сүрінеді. Аты дардай әншілеріміз тура ұлтымыздың ұмыт қалған дәстүрлі әндерін айтып жатқандай көздерін жұмып, бір рахат күйге бөленіп, ләззат алып, бастарын шайқап-шайқап билеп жүр. "Мен жиендік жасап, "нағашыларымның" әнін айтып жүрген жоқпын ба осы, мұным ұят емес пе екен?" деп қымсынып жүрген бірі жоқ. Шетел әндеріне өңдеп сөз жазған ақындар да сол залда айыздары қана шапалақ соғып отыруы әбден мүмкін (титрда аты-жөндері тұр ғой). Олар да сорлы әндердің шын шайырлары мұныма қалай қарар екен деп ойланбаса керек-ті. Әйтпесе сия жұмсап, "абырой арқалап" әуре болмас еді ғой. Бұл бағытымызбен кете берсек, таяу жылдарда титрға "сөзі - өзіміздікі, әні - сол баяғы шетелдікі ғой" деп жаза салатын күйге жетуіміз ғажап емес...


facebook.com парақшасынан алынды 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 09.01.2018, 08:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31