Сен тұр - мен айтайын!

Сірә, қазір бала болу - оңай емес-ау

  • Сірә, қазір бала болу - оңай емес-ау

    Сірә, қазір бала болу - оңай емес-ау

 Қазіргі балалардың бәрі болмағанымен көпшілігінің бір қасиеті - бір нәрсеге таң қала қоюуы өте қиын. Жұрттың балаларын сөз қылмай өзімдікі де күнде барып жатпаған Ақтөбеге сапар шеккенде оның ой-қырларына аса назар сала қоймағанын қынжыла байқадым. Біз бала кезімізде бұлай алысқа шыға қалсақ, машинаның (трактордың) терезесіне жабысып сай болсын, сала болсын «мә!», «мә!» деп маңыраумен болатын едік. Қазіргі балаларда бұндай жоқ - ғайыптан бір диназабыр шыға қалып, ажылдап-гүжілдеп өтіп бара жатса да «е, мынау тиранозабыр ғой» еріндерін бір сылп еткізумен шектелетін сықылды. Ютуб-тан неше түрлі бәлені көріп қалған бұл жазғандарды жазғыру да қиын. Таң қалудан ада балалығын аяйсың да қоясың. Баяғыда бір оқымысты «Адамның қартаюы – таң қалудан қалудан басталады» депті-мыс. Бұл логикаға сүйенсек, есеймей жатқан қартайған балалардың болашағынан шошисың. Сірә, қазір бала болу - оңай емес-ау.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.08.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31