Сен тұр - мен айтайын!

Суретке түсу жайлы түсіндіріп беретін мұсылман болса...

  • Мықтыбек Оразтайұлы

    Мықтыбек Оразтайұлы

Бұрындары қазақтар суретке түсе бермейтін. Менің бір досым өзінің атасы жайлы әңгімелегенде "ол кісінің түрін көрген де емеспіз. 1961 жылы қайтыс болыпты" деген-ді.

- Неге? Ешқандай сурет қалмаған ба? - деген сұрағыма:

- Бір ғана суреті болған екен. Оған да баяғы колхоздастыру кезінде амалсыз түсіпті. Суреті болмаса мүшелікке қабылданбайтын болғасын ғана. Сол жалғыз суретін өлерінде өртеткен... - деп жауап берді.

Сосын, бір апамыздың айтқаны есімде, "суретке түсе беру де күнә. О дүниеге барғанда мына суретке жан бітіріп бер деп қинайды. Алла Тағаланың жасағанын айнытпай жасауға пенденің қақы жоқ". Мен ол кезде мұндай әңгімелерге түсіне бермейтінмін (ненің күнә, ненің күнә еместігіне қазір де түсінетінім шамалы). Бірақ, есімде сақталып қалыпты.

Суретке түсу жайлы түсіндіріп беретін мұсылман болса...

Мықтыбек Оразтайұлы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2014    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.02.2015, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31