Сен тұр - мен айтайын!

Суық қабырғалар құдайшылдық деген қасиеттерді жанымыздан жонып алуда

  • Суық қабырғалар құдайшылдық деген қасиеттерді жанымыздан жонып алуда

    Суық қабырғалар құдайшылдық деген қасиеттерді жанымыздан жонып алуда

"Кіммен жүргеніңе мән бер. Бұлбұл гүлге, қарға күлге апарады" деген мағынада бір тәмсіл бар еді ғой?!

Мен адамдарды құстарға ұқсатамын:

Бірі бейбіт кептерлер сияқты. Өзімен өзі. Ешкім қызық емес. Өз отбасы. Ешқайда асықпайды, ешкімді іздемейді. Пайдасы да, зияны да жоқ.

Екіншісі қыран сияқты. Қияда ғана қалықтайды. Қанша аш болса да асын талғап жейді. Қиналғанын, қанаты талғанын, қауырсыны жұлынғанын көрсетпейді.

Енді бірі құзғын-қарға сияқты. Кім өледі, не жейміз деп өлексе аңдып жүреді. Сол қара ниетімен ұзақ өмір сүреді. Бірақ не қызығарға түр, ғибрат қыларға тірлік бермеген...

Солардың ішінде көзге көп көрінбейтін, сипаты бөлек, жанары өткір Ақсұңқар деген құс болады. "Сұңқар шашып жейді, қара қарға басып дейді"қазақ.

Құстың төресі болу құдайдан. Қазақ дархан даласында кең шаңырақ киіз үйде тұрғанда қыраннан, жылқыдан, бүркіттен тектілікті үлгі етуші еді. Жануар яки аң көрсе, "адамдығым қайда қалды?!" ой түйер еді...

Расында құстың балапандары үшін ұясына асыққанының өзі ғибрат емес пе пенде үшін?!

Ал, қазір... Қала-қамал. Қамал көкжиекті көрсетпейді. Кеңістікті сезіндірмейді!..

Суық қабырғалар, биік ғимараттар біздегі мейірім, бауырмалдық, иман, құдайшылдық деген қасиеттерді байқатпай жанымыздан жонып алуда. Кетіліп-кетіліп қайда бара жатырмыз?..

Селт етпейтін, қателеспейтін, мұң шақпайтын болып барамыз ба?!

Адам-пендеге тән қасиеттің бәрінен жиреніп жасанды қуыршаққа айналуға құмарлық басым ба?..

Ақыл сәннен айырылды ма?..

Құс екеш құс та құдайдың бергеніне шүкір етеді. Несібенің тәңірден екеніне мойынсұнады.

Егер біреу керемет үйде, сіз лашықта тұрсаңыз, қызғанбаңыз. Ол Алланың бұйрығы. Осы қазақы қалыпты жоғалтып, жүректі дүниеге жеңдіріп барамыз...

Жер-уақытша баспана. "Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған" құдай саған да өмірді өлшеп берген. Сол көзді ашып-жұмғанша өтетін өмірді неге мағыналы етпеске?!

Сөз аңдып, ғайбатқа құмартып не керек?! "Жақсы сөз - жарым ырыс."

Өзіңді өзің сынап, өзіңді өзің қамшыла.

Артыңда тал қалсын. Оған су құяр ұл қалсын. Басқасы - жазғаннан.

Тәңірдің таңбасына тәубе етіп отырып, түннің тыныштығын тіледім!


Roza Alkhoja

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.09.2018, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31