Сен тұр - мен айтайын!

Сүйіктілеріңнен «Мені не себепті сүйесің?» деп сұрамаңдар

  • Сүйіктілеріңнен «Мені не себепті сүйесің?» деп сұрамаңдар

    Сүйіктілеріңнен «Мені не себепті сүйесің?» деп сұрамаңдар

НЕГЕ ДЕП СҰРАМА!


Бойжеткен жігітінен: «Сен не себепті мені жақсы көресің?» деп сұрады. Жігіт: «Мен себебін айта алмаймын Әйтеуір сен маған ұнайсың» деді. Бойжеткен: «Егер мені не үшін жақсы көретіндігіңнің себебін айта алмасаң маған не үшін сені сүйемін деп айтасың?» деді. Жігіт болса: «Мен не себепті сені жақсы көретіндігімді айта алмаймын, бірақ сені жақсы көретіндігімді дәлелдей аламын» депті. Бойжеткен: «Дәлелдемей тұрып алдымен мені не үшін жақсы көретін себебіңді айт, менің құрбымның жігіті оны не үшін жақсы көретін себебін айтып беріпті, сенде солай айт!» деп жігітті қысады. Жігіт: « Жарайды, не үшін десең сен сұлусың, неге десең... сенің дауысың да әдемі, неге десең... сен қамқорсың, сен әр нәрсеге ақылмен қарайсың, сенің күлкің... барлық қимыл-қозғалысың бәрі түгелдей әдемі...» депті.

Жауап бойжеткеннің көңілінен шығады.

Өкініштісі көп уақыт өтпей-ақ бойжеткен аварияға түсіп, ес-түссіз жатыпты. Жігіт оның жанына бір хат қойып кетеді. Хатта: «Ғашығым, сенің дауысың әдемі болғандықтан мен сені сүюші едім, ал енді сен сөйлей алмайсың, сондықтан мен сені жақсы көре алмайды екенмін. Сенің қамқорлығың жақсы еді, енді ондай істей алмайтындықтан мен сені жақсы көре алмайды екенмін. Сенің күлкің, сенің барлық қимыл-қозғалысың, іс-әрекетің маған ұнаушы еді. Ал қазір сен күлімсірей де алмайсың, қозғала да алмайсың, сондықтан да мен сені жақсы көре алмайды екенмін... Егер сүю үшін себеп керек болса, онда мен енді сені сүйе алмайды екенмін » деп жазылған екен дейді.

Сүйіктілеріңнен «Мені не себепті сүйесің?» деп сұрамаңдар. Абай атамыз: «Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көрде ішпен біл» депті...


Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1704    Пікірлер: 0

сенбі, 10.03.2018, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31