Сен тұр - мен айтайын!

Сүйіскендер әбден састырды...

  • Сүйіскендер әбден састырды...

    Сүйіскендер әбден састырды...

Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын курсқа қатысам деп, үйге папам келген. Кеше. Содан кешке жақын тамағымызды ішіп, төсек орнымызды жайғастырып, кино көрейік дедік. 


Жолдасым отзывтары жақсы деген кинолардың ішінен таңдап, бір фильмді қосты. Картина бірден төсек қатынасындағы екеумен басталады екен. Мен ұялып кетіп, телефоныма шұқшидым. Ерік болса, басқа кино іздей бастады.

Тағы бірін қостық. Жап-жақсы басталып келе жатқан еді, бір кезде бір еркек пен әйел сүйісе бастады. Ыңқылдағандарына қарағанда бұның да жалғасы бар сияқты. Бала кездегі әдетке басып, мен бұқшия қалдым. Ерігім еріксіз қолына телефон алып, біреуге бірдеңке жазып жатқандай болды. Бірақ әкем шыдамады-ау дейм.

- Военный фильм бар ма, соны қойыңдарш деді.

"Ә" дегенде, еске военный фильм түсе қалушы ма еді, Ерекем біраз ақтарды. Содан таңдап отырып, (военный емес, бірақ төбелесі көп) Джон Уиктің екінші бөлімін қосып қойды. Бәріміз де "Уф" дедік. Не керек, әйтеуір, ауыстырмай соңына дейін қарап шықтық.


Айтайын дегенім кино жайы емес қой. Біздің қазақы тәрбиенің өрелігі.

Жасым отыз екіге жақындап қалды. Күйеуім бар. Аяғым ауыр дегендей. Дей тұра, үлкендердің, ата-анамыздың алдында сүйіскендерге қараудың өзі әлі де ұят екен. Басқалар абсурд дүние дейтін болар. Дей берсін. Бастысы - біз бұдан жаман болғанымыз жоқ.


Клара Ермагамбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2648    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31