Сен тұр - мен айтайын!

Сырқат адамдардың тамағынан жырып, осылай пайда табам деңіз...

  • Сырқат адамдардың тамағынан жырып, осылай пайда табам деңіз...

    Сырқат адамдардың тамағынан жырып, осылай пайда табам деңіз...

КІСІ АҚЫСЫН ЖЕМЕУ


...Алажаздай кешқұрым қоңыр салқынмен, үй жақта ұзақ серуендейтінбіз. Жаңадан қоныс тепкен көрші-қолаңның да көбісімен танысып, кейімен жеке таныспасақ та, жəй жүз таныс боп кеттік.

Қанша адам болса, сонша мінез-құлық, таным-түсінік. Сөйлесе келе, біразымен ойыңыз ұштасып жатса, біріндегенінен бойыңызды аулақ ала жүресіз... Əр күні түрлі кескін-келбет, жадыраңқы жылы жүздер, күлім қаққан қыз-келіншектер мен шапқылаған құлыншақтар мен былдырлаған балапандар ауланы шаттыққа толтырып, бақытқа кенелтеді. Мұндай көріністер əлбетте, көңілді кернейді.

Сондай күндердің бірінде, кішкене немересін қоларбаға салып серуендетіп жүрген, алпыстар шамасындағы бір апай кезікті де, маңайдағыларға: өзінің госпитальда сырқат адамдарды тамақтандыру орнында жұмыс істейтінін, қасында жұмысынан күнделікті ала келіп жүрген бірнеше құты сүт, айран, май өнімдері бар екенін жəне оларды өз бағаларындай 350-400 теңгеден емес, данасын 150-ден беретінін, қалаушылар болса, күнде сол бағада əкеп тұратынын айтты. Жиылған көп қыздың арасынан біреуі, апайға: "Сырқат адамдардың еміне дем берудің орнына, сөйтіп, олардың тамағынан жырып, осылай пайда табам деңіз... бұл қалай болғаны?" -- деді.

Апай: -- Ауру кісілер бөлінген тамақты көп тауысып жей қоймайды, сосын да біз бекер ысырап болмасын деп, мөлшерін азайтып береміз, бекер жемейтін болған соң кейіне бермейміз де..." -- деді.

...Айтып-айтпай не керек, жаңағы апайдың қолы жүре бастады білем, көрші-көлемнің əйел-қыздары жаздай-күздей жаңағы апайдан үзбей айран-сүт жəне бар-жоғы килосын 500 теңгеден сары май алып тұтынып жүрді.

Қыс та келді, кейбіреу "сүтші" апайдың пəтерлеріне дейін госпитальдан сөмкесіне сала қайтқан өнімдерді тым арзан бағада, оның үстіне, қақаған аязда пəтерге дейін жеткізіп беріп, "жарылқап", қарық қып жүргенін айтып, мəз де болатын.

Күндердің күнінде сол апай көрінбей кетті. Көршілер оның мұзға тайып құлап, аяғын сындырып, гипске танылып, біраздан бері ауруханада жатқанын айтты. Ал, күні кеше көше бойында кетіп бара жатып, сол апайдың аялдамада тұрғанын көрдім. Бұл жолы аяғы емес, қос қолы гипске танылыпты.

Ойлап тұрсақ, жоқ жерден пайда көрушілік, кісі ақысын жеу, оның үстіне, ауру адамдардың несібесінен -- тамағынан айырудың түбі неге апарып соққанын бажайлау қиын емес. Əр істе адал болғанға не жетсін?!


Ақ-Зия Жайлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1218    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30