Сен тұр - мен айтайын!

Тағдырдың қамшысын жемеу үшін өзіңді қамшылап үйрен

  • Тағдырдың қамшысын жемеу үшін өзіңді қамшылап үйрен

    Тағдырдың қамшысын жемеу үшін өзіңді қамшылап үйрен

Осы жасқа жеткенде көзім жеткені адам баласына басқа адам ықпал жасай алады, бірақ түбегейлі, қайтпас, кереметтей өзгерістерді тек адам өзіне өзі ықпал жасап қана жасай алады екен. Үнемі тағдырдан соққы алып, жылап-сықтап өмір сүргің келмесе өзіңді қамшылап үйренуің керек.

▪️

Тағдырдың қамшысы өте ащщы болады. Ал өзіңді қамшылау ондай ауыр емес, шынығасың, жетілесің. Сол кезде тағдырдан қамшы аз жейтін боласың. Өмірдің қай саласында болсын көрініп тұрады.

▪️

Бірер мысал:

Ден саулыққа байланысты өзіңді қамшылау: Тек пайдалы тамақ жеу, зиянды тамақтан бас тарту. Күнделікті іс-қимыл жасап, спортпен айналысу. Нәтижесі-Мықты денсаулық.

▪️

Тағдырдың қамшысы: Гастрит, язва, рак, артрит, грыжа семіздік, әлсіздік, белсіздік,- деп кете береді, кете береді.

Білім мен табысқа байланысты: Күн сайын пайдалы білімді оқып игеріп, мол табыс әкелетін машықты үйрену. Нәтижесі- Мықты білім мен Мол табыс.

▪️

Тағдырдың қамшысы: Үйсіз, күйсіз кедейшілік өмір. Өзіңнің және жақындарыңның арам өлуі (Егер ақшаң болмаса дұрыс емделе алмайсың, оны арам өлу деп айтса болады).

▪️

Өзіңді қамшылаудың тәсілдері: апта сайын, ай сайын өзіңе нақты бір мақсат, жоспарлар қойып, оны орындауға өзгелердің алдында СЕРТ беріп, содан кейін ЕСЕП беріп отыру. Сонда ғана күн санап, ай санап ӨЗІҢДІ ҚАМШЫЛАП дами бастайсың. Тағдырдан қамшы аз жейсің.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1605    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.12.2018, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31