Сен тұр - мен айтайын!

Талай адам тойында 500 теңгемен аяқ киім сүртетін болды ғой ...

  • Талай адам тойында 500 теңгемен аяқ киім сүртетін болды ғой ...

    Талай адам тойында 500 теңгемен аяқ киім сүртетін болды ғой ...

500 ТЕҢГЕНІҢ КИЕСІ


Бір қазақ бір орыс жігітті жолай ала кеттім. Екеуі әңгімелесіп отыр.

"Әйелің қалай?" деді қазақ жігіт.

"Екі жыл болды, баламыз жоқ, ажырасатын шығармын" деді орыс.

"1-2 жыл бұрын кездескенде жақсы қыз таптым деп қуанып жүр едің".

"Шаршадым, не дос, не туыс қалған жоқ. Не істерімді білмеймін".

"Әлгі қатар сыныпта оқыған Русланды білесің бе? Сол асылып өліпті".

"Дұрыс істеген екен. Жігіт қой, ол" деді орыс.

Ауыр мұңға көміліп ауыр күрсініп қойды.

"Сенің тойыңның видеосын вк-дан көрдім. 500 теңгемен аяқ киім сүрту кімнің идеясы" деді қазақ жігіт күлген болып.

"Мә, миллион көрілім болды ғой. Қапшағайда гулянкада жүрген едік, аяқ киімім былғанып қалыпты. Сүртетін ештеңе таппай, 500 теңгемен аяқ киімімді тазалай салдым. Соны біреу соткасына түсіріп алып, инстаграмға салып жіберіпті".

"Содан кейін талай адам тойында 500 теңгемен аяқ киім сүртетін болды ғой"

"Ешқайсысы менікіндей шынайы шыққан жоқ. Өзің үйлендің бе?" деді қазаққа.

"Үйлендім, бір жарым жыл болды, менің де балам жоқ. Бірақ, Құдайдан күдер үзбеймін. Әйелімді сүйемін".

"Қатындарды қойшы. Жүр, ішелік"...

"Жоқ, мені әйелім үйде күтіп отыр"

Екеуі де көлігімнен түсіп қалды.

Неге екенін қайдам, орыс жігіттің бала сүйе алмай жүруінің себебі 500 теңгенің киесі ұрғаннан шығар деген ой келді.

Ал, қазақ жігіті үйіне асығып барады. Демек, келін шырақ әлі-ақ жерік болады.

Құдайдан күдер үзбейік.


Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2039    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.10.2017, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30