Сен тұр - мен айтайын!

Тамырынан ажыраған ұлттың болашағы бұлыңғыр

  • Тамырынан ажыраған ұлттың болашағы бұлыңғыр

    Тамырынан ажыраған ұлттың болашағы бұлыңғыр

ЖАҢТАҚ ПЕН ҚАРАҒАЙ. Тамырынан ажыраған ұлттың болашағы БҰЛЫҢҒЫР


Жантақтың өте қуатты өсімдік екені бесенеден белгілі, тамыры өте тереңде жатыр.. Онымен қоректенетін түйе малының да жойқын күшке ие екені мәлім. Қазақ халқы бір кездері тура оса жантақ секінді еді, сонау ғұндардар, сақтардан бергі тамырынан ажырамаған кезде алапат күшке ие халық еді. Кейінгі ғасырларда сол тамырдан ажырап, саны өссе де, енді тамыры қысқа қарағай секілді ұлтқа айналдық. Қатты желге шыдай алмай гүрс етіп құлаған қарағайда құлайды ма деп қорқамын. Жантаққа жел тұрмақ дауыл да еш әсерін тигізе алмайды ғой, өйткені оның тамыры тереееең жатыр!


***


Әсіресе орыстардың бодауына кірген соң ел басқару жүйесі бұзылды, олар «бөліп ал да билей бер» тәсілін қолданды, өз жүйелерін кіргізді. Содан СССР-ге кірген соң терең тамырға өз тамырларын (Идеологиясын) жалғады. Көп ұрпақ сонымен сусындап өсті, тілі, дәстүрі, діні мүлдем басқа, тамырынан айрылған бір бөлек топ өсіп шықты. СССР құлаған соң батыс келіп біразымызға өз тамырын жалғады. Өз тамырынан ажырап, бірақ ұрпақ батыстың құндылықтарын сіңіріп алды. Ары қарай Түркияға, Египетке, Сауд Арабиясына барып оқып келген жастар және де сол елдердің идеологиясына жан тәнімен берілген жастар өз тамырларына өз қолдарымен балталарын алып шауып тастап, басқа тамырға жалғанып алды...


***


Ұлы тамырдан ажырамаған қазақ мүлде аз қалып барады. Ұлт ретінде жоғалуымыз деген осы деп ойлаймын(( Әлихан Бөкейхан Қобыланды жырын терең талдаған екен кезінде. Әлиханның 15 томдығында бар, болашақта тереңірек мағлұмат берермін. Соны оқысаңыз ұлтымыздың тамырымыздан қалай ажырап бара жатқаны жайлы терең ғылыми түрде зерттелген еңбектен жақсы түсінесіз...


***


Біз қашан орыс та емес, ағылшын да емес, араб та емес ҚАЗАҚ болып қаламыз, БІРТҰТАС ҚАЗАҚ болып, түп тамырымызға қайта жалғанамыз тек сол кезде ғана ұлт болып қала аламыз. Және де Алаш ардақтылары армандағандай болашағымызды тек ҒЫЛЫМ мен БІЛІМге байлағанда ғана бәсекеге шыдай елетін ұлт бола аламыз.


***


Сіздер қалай ойлайсыздар? Біздің түп тамырдан ажырап, қожарып бара жатқанымызды түйсігіңізбен сезінесіз бе?


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.10.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30