Сен тұр - мен айтайын!

«Тәнін сатқан қызды» айыптап, сатқызғанға неге жақ ашпаймыз?

  • «Тәнін сатқан қызды» айыптап, сатқызғанға неге жақ ашпаймыз?

    «Тәнін сатқан қызды» айыптап, сатқызғанға неге жақ ашпаймыз?

Осында «түнгі көбелектер», «жезөкшелік», «жеңіл жүрісті қыздар» жайлы өте көп жазбалар салынады. Барлығы да бұл азғындықты айыптайды. Әрине, айыптау өте дұрыс. Бірақ көпшілік бұл мәселеде тек бір жақты және эмоционалды көзқараста... Барлығының айтатыны «азғын қыздар!» Неге?

Мысалы мен теледидардан «осындай жерде осыншама жеңіл жүрісті қыз ұсталды» дегенді естігенде, ішімнен өз өзіме «ал сутенер ше?» деген сұрақты қоямын. "Біраз қыздың өмірін құртқан қай сілімтік екен?" деген ойға қалам. Неге үнемі салдарын айыптап, себебіне тиіспейміз?! Иа, жезөкше азғын, алайда сутенер БАС АЗҒЫН ғой. Соны неге айтпаймыз?! Фб-да сол жайлы бірде-бір жазба көрмеппін. Иа, тәнін сату азғындық, ал сатқызу одан бетер дүние. Жеңіл жүрісті қыздардың кейбірі өз еркімен осы жолға түссе, енді бірін күштеп, алдап түсіргендер барын ашық неге айтпаймыз, неге мойындамаймыз?! Қалаға арман қуып келіп, әзәзілдің арбауына түсіп, тағдырына балта шабылып, мақсаты суға сіңіп жоқ болып, өмірі ойран болған қанша қыз бар? Өте көп! Қанша қызды күштеп, зорлықпен, қорлықпен осы жолға салған сайтанның сыңары сутенерлер бар? Өте көп! Өкінішке орай біз «жеңіл жүрісті қыздарды құрту керектен» ары асып, күңкілдей бермейміз. Тәнін сатқан қызды айыптау керек, ал сатқызған сутенерді қатаң жазалауға тиіс. Кей елдерде тіпті оларды өлім жазасына кескен сәттер болған. Бәлкім әлі де бар шығар...

Жеңіл жүреске салған әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, отбасындағы тәрбие, психологиялық әлсіздік және т.б ол екінші мәселе. Ол шешімі қиын, күрделі шырмау. Бірақ сутенерство еткендерді кемі 15 жылға соттау керек деп санаймын. Бірінші адам тағдырын бұзғаны үшін, екінші қоғамды азғындатқаны үшін!


facebook.com




Көрілген: 632    Пікірлер: 1

сейсенбі, 09.01.2018, 08:39

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30