Сен тұр - мен айтайын!

Танымалдардың құны күн санап төмендеп бара жатқанына қысылады екенсің

  • Танымалдардың құны күн санап төмендеп бара жатқанына қысылады екенсің

    Танымалдардың құны күн санап төмендеп бара жатқанына қысылады екенсің

Қаласақ та, қаламасақ та телефонның бетін сипап ұйықтап, сипап оянамыз.

Автоматты түрде алдымен инстаграмды, сосын фейсбук ауылын бір шолып өтеміз.

Инстаграм қазір-мықты күш. Оны бүкіл әлем мойындады. 90 жылдары "Ақмарал деп ән саламыз, Ақмарал деп жыр жазамыз, Ақмарал деп биді билейміз" деп ән айтушы едік, қазір сол "Ақмарал" сөзін "Инстаграмға" алмастырсақ болады). Дұрыс пайдалана білсек, Инстаграм ауылында "жұлдыз" болу оңай. Комплексті алып тастап дүбәрә ән айт, би биле, бейәдеп сөзбен видео жолда, бірден таныласың. Оқырманың көбейеді.

Дұрыс пайдалана білсек, инстаграм - бизнес бастап, оның кеңінен қанат жаюына пайдасы мол.

Ал xалыққа танымал тұлға болсаң, оқырманың тіптен көп болады. Алды 1,5 млн - арты 300 мың адам.

Қаншама xалық, иә? Олар сені жақсы көргеннен, сыйлағаннан, өміріңе қызыққаннан жазылады. Осынша xалық жазылғаннан кейін Инстапарақшаға үлкен жұмыс ретінде, кішкене "жауапты" қарау керек сияқты. Ана xалықты сен де сыйлауың керек қой? Кішкене xалыққа пайдасы тиетін руxани әңгіме жазып, өзіңді тұлға ретінде танытатын, өзіңді өзгеге ынтықтыратын, қызықтыратын постты жиі салған жөн секілді.

Бірақ біздегі танымал адамдардың парақшасы "СЕТЕВОЙ" мен дүкеннің, тегін келген арзан-құрзан дүниенің ЖАРНАМАСЫНА толып кетті. Өкінішті. Иә, ақша бәрімізге керек-ақ!

Ақша-өмірдің гүлі, түсінем, алайда "руxани құндылық" қайда қалды сонда?

Қазақта "Құныңды біл!" деген керемет тіркес бар.

Құнды, бағалы, қол жетпес нәрсеге адам ынтық, құштар болады. Алайда сол құнымыз төмендеп, өзгеге қызықсыз боп бара жатқанымыз өкінішті... "Лами бір бәле" деп қоймаған соң радио, телеарнаның да құны төмендеп, тыңдаудан қалдық(. Инстаграмды ашсақ та сол... Әй, соны сіз ішкен де жоқсыз ғой? Тегін әкеп, 5-10 теңгесін берген болар, соны xалыққа тықпалай бересіз бе? Кәсіби мамандар жарнамалап жүргендердің зиянын айтып бас шайқап жүр, ал біз xалықтың теуіп ризамыз. Тесік шапанын "Мына тесіктен суық шықса, мынаусынан жылу кіреді" деп удай ақшаға сатқан нағыз Алдаркөсе болдық. Біреудің қалтасын санамайсың ғой ойбай, нем бар, тек қаралай танымалдардың құны күн санап төмендеп бара жатқанына қысылады екенсің(. Халықты құзғын бизнеске тарта беруді қашан қояр екенбіз...


Жанат Бақыт

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1410    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30