Таңымыз ЖЕҢІЛ ЖҮРІСПЕН басталса, кешке дейін неміз қалады?)))
"Экс-хабарлықтар" кездесіп, өткен-кеткенді еске алдық. Бүгінді сөз еттік. Өмірдің өзі, әсіресе ТВ кейде анекдот қой!
-Жуырда ғана телевизорды қоссам таңғы бағдарламада сюжет жүріп жатыр екен, -дейді Дана, -Журналист саябақ ішінде таңғы жаттығу жасап, жүріп келе жатып көрермендерге оның денсаулыққа пайдасын түсіндіре кетті. Сюжет аяқталып, кезек студияға келгенде онда отырған жүргізуші қыз журналисті іліп әкетіп, көрермендерге "керемет" ұсыныс айтты.
Не депті дейсіздер ғой!))
"Құрметті көрермендер! Сіздер де күндеріңізді ЖЕҢІЛ ЖҮРІСПЕН бастаңыздар!"
Шашалып қалдым. Айналайын әріптестер-ау, абайлаңдаршы! Таңымыз ЖЕҢІЛ ЖҮРІСПЕН басталса, кешке дейін неміз қалады?)))