Сен тұр - мен айтайын!

Тар бөлме, тәтті құшақ - еріккен қатындардың есін жидыратын жақсы дүние екен

  • Тар бөлме, тәтті құшақ - еріккен қатындардың есін жидыратын жақсы дүние екен

    Тар бөлме, тәтті құшақ - еріккен қатындардың есін жидыратын жақсы дүние екен

Бір бөлмелі тар үйде тұрғанның толып жатқан плюсы бар екен. Кеше сондай "семіз плюстың" бірін қойын дәптеріме түртіп қойған едім, әңгіме болсын, айта отырайын.

Алдыгүні отағасы екеуміз қарадан қарап отырып, ренжісіп қалдық. Арамызға ешкім киліккен жоқ. Қатты жақсы көріп тұрсаң да, келіспей қалатын нәрселер бола береді екен ғой, о тәубә!

Содан дұшпан ашуға беріліп, отағасының қасында ұйықтамаймын деп шештім. Бірақ төсек сала қоятын басқа бөлме жоқ. Балкон суық. Ваннада жындыға ұқсап қанша уақыт отыра бересің?! Өзімнен өзім жарылардай болып, жерге көрпелердің бәрін жұмсақ етіп төседім. Отағасы болса, одан бетер жыныма тиіп: "Жаңадан шығарып жатқан өнерің құтты болсын!" -деп, теріс қарап жатып алды.

"Шешінген судан тайынбас" деп мен де райымнан қайтпадым, жерге жата қалдым.

Сәл уақыт өткен соң, отағасының пыс-пыс етіп, ұйықтап қалғанын естідім.

Ой, жынымның келгені- ай!

Мына кісінің мені ойлайтын түрі жоқ, ұйықтап кеткені қай мазағы? Сонда мен мына жақта кім үшін өзімнен өзім шала бүлініп жатырмын?

Ой деген астан-кестен, бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Оған қоса дөңбекшіп, жерге жата алмай қиналғанымды айтсаңшы! Бөлменің ауасы тар болмасын деп, балконды ашып қоятынымыз бар еді, сол жақтан жел соқты ма, әйтеуір не керек, әбден мазам кетті. Біресе былай, біресе басқалай аунап, өзімнен басқа қиналған жанды көрмей, амалым қанша, орнымнан тұрдым. Жерге қалай жатарымды білмей, жалғыз басым сопиып сәл отырдым да, сүмірейіііп, отағасының жанына өз төсек орныма қайттым.

Таңертең оянсам, тас қылып, құшақтап алған, енді қалай ренжисің?!

Содан не керек, жақын жерде чемоданымды жинап алып, жүгіріп бара қоятын туысымның жоқтығына, көрпе жастығымды құшақтап, жата қалатын басқа бөлмеде диванның жоқтығына (тіпті басқа бөлменің жоқтығына) шүкір айттым.

Тар бөлме, тәтті құшақ - еріккен қатындардың есін жидыратын жақсы дүние екен, дә!)


Клара Ермагамбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 12005    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30