Сен тұр - мен айтайын!

Тарихты бұрмаламайық, қазақтар

  • Тарихты бұрмаламайық, қазақтар

    Тарихты бұрмаламайық, қазақтар

Соңғы жүз жылда тарихымызды большевиктер жазып беріп, қитұрқы бұрмалаушылықтарға жол берді. Ең өкініштісі, большевиктердің мектебінен білім алған тарихшылар сол сарыннан қайтар емес. Енді келіп, сол өтірік тарихымызға тағы да бір жалған көзқарас қосылуда.


Айтқым келіп отырғаны өтірік Тәуелсіздік пен Желтоқсан-86 оқиғасының қаншалықты байланысы бар екендігі.

Билік Желтоқсан-86-ны өзіне ыңғайлы арнаға бұрып: Сендер мықтысыңдар, империяның көбесін сөктіңдер, тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарысыңдар, тәуелсіздік үшін күрестіңдер, тәуелсіздік үшін қан төктіңдер, сол үшін жапа шектіңдер және т.б. осы сыңайдағы алдап-сулауды жақсы қолдануда. Соған бәрі де сеніп, бәрі де мәз болып жүр. Желтоқсан деген жерге Тәуелсіздікті тықпалап, Тәуелсіздік деген жерде Желтоқсанды қыстырмалап жүр.


Қазақтар, Желтоқсан-86 мен өтірік Тәуелсіздіктің үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Желтоқсан оқиғасы биліктегілердің ауыздары алтау болғандықтан орын алғанын қақсаудан бір шаршамаймын. Шыны солай. Кремльдің әнтек шешіміне қарсы шыққан қазақтардың ауызы тұрмақ ойында да Тәуелсіздік үшін күресейікші деген секем болған жоқ. Оған дәлел, жастардың қолдарындағы плакаттар мен дауыстап айтқан үндеулері.


Мемлекет сол кездегі алаңға шыққандарды басып-жаншыды ма, үкімет сол кездері жапа шеккен жастардың барлығына қамқорлық көрсетуге міндетті. Ал бұлар не істеп отыр? Желтоқсанда жапа шеккендерді бөліп-жарып, біреулеріне майлылау «сүйек», біреулеріне «қу жаурынды» лақтыруда.


Желтоқсаншыларға айтарым, ерлік көрсеттік деп мақтана бермей, мемлекеттен барлық жағдайларыңды жасауды талап етіңдер.


Ал өтірік Тәуелсіздіктің аспаннан қалай салбырап түсе қалғаны бәріңе де мәлім.

– Оңбаған Ресей, біздің тәуесіздігімізді бер, - деп көшеге шыққан біреу болды ма? Жоқ. Бір адамның мұрыны қанады ма? Жоқ. Одақ тарап кеткен соң бір апта ойланғанымыз өтірік емес қой. Онда неге Желтоқсанды қосақтаймыз?


Ең өкініштісі, осы өтірікке жастардың құдайдай сеніп, Желтоқсанда Тәуелсіздік үшін құрбан болғандарға тағзым етейік деп жүгіріп жүргендері. Ал олардың осылай адасулары – билікке өте тиімді. Көз алдыңда өткен тарих бұрмаланып жатқанда, қалай шыдап отыра аларсың?


Қазақтар, олай емес, былай ғой деп айтсаң, жексұрын болып көрінесің. Бірақ, айтпаса сөздің атасы өлетін болғандықтан, айтуға міндеттімін.


Тарихты бұрмаламай, ақты ақ деп, қараны қарап деп айтып, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын оқиғаларды қабаттастырмайық. 


Нағашыбай Есмырза

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.12.2018, 23:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31