Телефоны бар жігіттер талай əдемі қыздарды сындырды ғой

Телефоны бар жігіттер талай əдемі қыздарды сындырды ғой

Кірпіш ұялы телефондардың шығып жатқан кезі еді. Байдың балалары ғана ұстайтын. Оны добалдай қылып ышқырына қадап алатын. Əдемі қыз көрсе болды əлгілерге өз-өзін көрсету үшін, телефонын алып алып əлдекімдермен сөйлескен болатын. Сымы жоқ қандай телефон деп алғашқы да таң қалатын едім . Сол телефоны бар жігіттер талай əдемі қыздарды сындырды ғой. Қыздар жігітке емес, оның телефонына ғашық болатын.
Пəленшенің жігіті крутой екен, ұялы телефон ұстап алыпты десе, сол қыздар үшін абырой еді. Қазақтың барлық жігітінде жаңадан шыққан телефон қайдан болсын.? Болса шет елден келгендер де болатын. Сол кездері ғой көп қыздар ұялы телефоны мен астында машинесі бар жігіттермен жүргенді абырой көріп, көбісі шет елдік жігіттердің етегін ұстады.Қазақтың жігіттері кедей, түгі жоқ . Шет елдік жігіт күніге гүл силайды, ресторанға алып барады, қалаған затыңды силай алады деп шетелдіктердің қолжаулығына айналды. Олармен жүріп жүргенін мақтаныш көретін. Біразы əлгі жігіттермен қол ұстасып, шет ел асып жатты. Қазақ жігіттерін кедей деп кезінде мұрын шүйіргендер арада бірнеше жыл өткен соң кеткен жағынан сүмпиіп жалғыз оралғанын да көрдік. Шет елдік жігітті жетектеген көптеген қыз опық жеп, зар еңіреп жылап та жүргенін көрдік. Болары болып, бояуы сіңген соң оларды қалай жұбатпақсың? Үнсіз тыңдап, сабырға шақыратынбыз да қоятынбыз. Есі бар қыздар болса жылтыраған дүниеге алданып, өз қазағының үстінен аттап кетпеуін тілейтінбіз. Болашағын дамыған елдерден іздеп, оған жетудің төте жолы шет елдік жігіттер деп түсінетін қазақ қыздарына Алла сана беруін тілейтінбіз. Міне əлге дейін тілеп келеміз.

Салтанат Абылбекова
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста