Сен тұр - мен айтайын!

Тележурналистиканың тілін жаттанды тілге айналдырып бара жатыр осындай журналистер

  • Тележурналистиканың тілін жаттанды тілге айналдырып бара жатыр осындай журналистер

    Тележурналистиканың тілін жаттанды тілге айналдырып бара жатыр осындай журналистер

Осы біздің журналистердің инкубатордан шыққан тауықтар құсатып бірінен естігенін бірі қайталай беретіні қызық. Кешеден бері «ақтүтек боран» дегенді жүз рет естіген шығармын, құдай біледі. Текст жазар кезде кітаптың бетін бір ашып қойса ғой, шіркіндер. Әйтпесе, тележурналистиканың тілін жаттанды тілге, бір сөзді қайталай беретін, қайталай беретін калька тілге айналдырып бара жатыр осындай журналистер. Төменде боранның түрлерін беріп отырмын. Қалып қойғаны болса, ұмытып кеткенім болса, өздеріңіз қосып жіберерсіздер....


Ақ боран. Көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.

Ақ түтек боран. Алай-түлей түтеген боран.

Ақ шұнақ боран. Бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.

Аққұйрық боран. Құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.

Ақ жорға. Қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.

Алай-түлей түтеген боран. Ұйыт¬қыған немесе бората соққан қатты жел.

Алақаншық боран. Бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.

Дауыл боран. Осқырған жел.

Долы боран. Екіленіп соғатын боран.

Жаяу боран. Жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.

Жөпшеңді боран. Кәдімгі боран.

Қара боран. Түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.

Құм боран. Құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.

Майлы боран. Қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.

Сұрапыл боран. Қаруы қатты боран.

Сырғыма боран. Қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.

Тас боран. Суырып соққан күші қатты боран.

Тентек боран. Бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.

Түтек боран. Алай-түлей боран.

Ұйтқыма боран. Ұйытқи соққан қарлы боран.

Үскірік боран. Құрғақ, суық боран.

Ызғырық боран. Өңменнен өтер ызғарлы боран.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 12:54
    Мұзға айналған көз жасы
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31